• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
22 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасының Заңдары

295 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы 2009 жылғы 5 қарашада Римде жасалған Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы шарт ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы сәуірдің 18-і.    №427-IV ҚРЗ * * * Қазақстан Республикасының Заңы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің терроризмге қарсы құралымдары үшін кадрлар даярлау туралы келісімді ратификациялау туралы 2009 жылғы 16 маусымда Екатеринбургте жасалған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің терроризмге қарсы құралымдары үшін кадрлар даярлау туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы сәуірдің 18-і.    №428-IV ҚРЗ