• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
30 Наурыз, 2017

​Бейбіт даму – береке бастауы

476 рет
көрсетілді

Қазақстанның халықаралық аренадағы қазіргі биік беделі еліміздің өткен шақтағы маңызды қадамдары мен сауатты бастамаларына тікелей бай­ланысты. Сондықтан да, біз елі­міз­дің халықаралық ауқымдағы бү­­гінгі іс-қимылдарын сөз еткен­де өт­­кен кезеңдердің еншісіне тиесілі тарихи оқиғаларды қаперден шы­ғар­мау­ымыз керек.

Ал осы бағытта сөз айтар болсақ, 2010 жылдың 1 желтоқсанында Астана­да өткен ЕҚЫҰ-ның саммитіне соқ­пай өту орынсыздау көрінеді. Ендеше әлем­дік деңгейдегі осынау тарихи оқиғаны, оның халықаралық қоғамдастыққа тигізген оң ықпалын санамызда тағы бір жаңғыртып көрсек. Ал форумда сөз алған тұлғалар Астана Саммитінің бас­тап­қы кездегі ха­лықаралық қауіпсіздік қатерлеріне жауап ретінде қалыптасқан негізгі қағидаттарға жақындығын атап өтіп, Қазақстанның Ұйымға төрағалығы кезеңінде ЕҚЫҰ мазмұнына жаңа то­лықтырулар енгізілгендігіне риза­шы­лықтарын білдірді.

ЕҚЫҰ тарихындағы 1975 жылғы Хельсинки Қорытынды актісі, 1990 жыл­ғы Жаңа Еуропаға арналған Париж хартиясы мен 1999 жылғы Ыстанбұл келісімдерінің маңыздылығы және ен­дігі жерде бұл құжаттардың қа­та­рында 2010 жылғы ЕҚЫҰ-ның Астана Декларациясы қосылатындығы атап көрсетілді. Еліміздің Астана Сам­ми­тін өткізуі −  Қазақстанның Ұйым та­рихындағы сапалық жұмысы әрі оның та­рихында қалатын қызметі. Әлем жұ­рт­шылығы елімізді ЕҚЫҰ Ас­тана Саммиті мен халқымыздың қо­н­ақ­жайлығы арқылы ерекше есте сақт­ай­тын болады.

Саясат саласында да мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың сал­қын­дағаны байқалғандықтан, геосаяси және идеологиялық мақсаттардан әлем­дік тіршілікті сақтау талпынысы жо­ғары тұратындығын көрсететін жаңа алаң қалыптаса бастайтындығы белгілі. Сондай алаңның бірі – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйым­ның қалыптасуы деп айтуға болады.

КСРО-ның ыдырауы Еуропа құр­лығындағы геосаяси жағдайдың өзге­руіне алып келді. Еуропа мен ТМД ке­ңістігінде жаңа тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Варшава шартының  бұ­рынғы мүшелері енді НАТО құрамына кіре бастады. Сондықтан да, осы кезең­нің жағдайына жауап беретіндей жаңа құжат дайындау қажеттілігі туындады. Орын алған барлық өзгерістерді есепке ала отырып, қайта жиналып қауіп­сіз­дік­тің жаңа қағидалары туралы келісу қа­жет болды. 1999 жылғы Ыстанбұл сам­митінде Ұйымның жауапкершілігі ау­мағын кеңейткен және жалпыға бірдей қау­іпсіздіктің негізгі элементтерін бе­кіткен жаңа Еуропа қауіпсіздігінің хартия­сы қабылданды.

Соған қарамастан, Ыстанбұлда қа­был­данған көптеген жауапкершіліктер жүзеге асырылмады. Осыған бай­ла­ныс­ты үстіміздегі ғасырдың басынан бас­­тап ЕҚЫҰ үдерісіне қатысушылар ара­сындағы өзара қайшылықтар те­рең­дей түсті және халықаралық қа­­-

у­іп­сіздік жүйесінде дағдарыстық бел­гі­лер айқын көріне бастады. Осы жағ­дай­­ларда ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекет­тер мүдделерінің теңсіздігі қа­­­лып­тасты, ал Ұйым жұмысында ко­нъ­­­ю­н­ктуралық әдіс басым болып, жал­­пы әлем­де, оның ішінде ЕҚЫҰ-ның жа­у­­апкершілік аумағындағы әс­ке­ри-сая­­си жағдай өзі­нің өзектілігін жо­ғал­­т­қан жоқ. Яғни, әлемдік сах­на­дағы сая­си климат сал­қын­дау жағ­дай­ы­на қайта оралды.

Міне, осы қайшылықтарға бала­ма ретінде ЕҚЫҰ төрағалығына Қазақ­с­тан кандидатурасы ұсынылды. Ха­­лық­аралық қауіпсіздік жүйесінің жа­ңа сын-қатерлері жағдайында ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өза­ра қарым-қатынасының нашарлау үдерісі бұдан кейінгі уақытта да жалғасуы мүмкін екен­дігі де түсінікті болды. Еліміз Еу­ро­па қауіпсіздігі  құ­ры­лы­мы­ның мо­­де­раторы рөліндегі үлкен жау­ап­­ке­р­ші­лік­­ті мойнына ала отырып, Ұйым­ның қы­з­­метіне қарқын қосу  мақсатында ха­лықаралық сахнада бел­сенді бастамалар көтере білді.

Қазақстан өз төрағалығын тек фор­ма­льды түрде ғана өткізіп қоймай, уа­қыт талабы мен геосаяси жағдайға сай ЕҚЫҰ жұмысына жаңа дем берді. Қазақстан Ұйымға төрағалығы кезінде бір жылдың ішінде оның барлық ісіне жан-жақты атсалысып, ерекше белсенділік көрсетті. Еліміздің өкілдері барлық қауіп-қатерлі, гуманитарлық кө­мекті қажет етіп отырған аймақтарға барып, кешенді келіссөздер жүргізіп қай­тқаны баршаға мәлім.

Осылайша, Астанадағы ЕҚЫҰ Саммиті өзгермелі заманауи әлемнің қа­тер­леріне уақтылы берілген жауап бол­ды. Соның нәтижесінде ЕҚЫҰ-ға мү­ше мемлекеттер мен халықаралық ұйым­дар жаһандық  қауіпсіздіктің қа­уіп-қатерлерін жоюға қатысты тиімді және кешенді бірлескен шаралар жасауға қол жеткізді.

Нұрлан СЕЙДІН,

саясаттанушы