• RUB:
    5.58
  • USD:
    494.84
  • EUR:
    537.4
Басты сайтқа өту
Мәдениет 18 Қараша, 2024

Джульеттаны жігіт ойнаған ба

755 рет
көрсетілді

Сойыл құмар содырлардың саясатынан опа таппай опат болған Ромео мен Джульеттаның махаббаты – сәруар сезімге тұрғызылған мәңгілік ескерткіш.

Пьеса сюжетіне сәйкес, Ромеоны жолықтырған сәтінде Джульетта он төртке толар-толмас жаста болатын.  Ал алғашқа кездесуден некеге дейін бір-ақ тәулік өткен екен.

Тағы бір қызық жағдай кейіпкерлердің сахнада сомдалуы туралы. Нақтырақ айтсақ, Еуропада 1660 жылға дейін бүкіл рөлдерді ер азаматтар ойнаған. Тек 1662 жылы ғана Джульетта рөлін Мэри Сондерсон атты актриса алып шығады. Ол басты рөлді сомдаған алғашқы әйел болып тарихта қалды.