• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім 13 Сәуір, 2017

Латын әліпбиіне көшу – дұрыс қадам

465 рет
көрсетілді

Бүгінгі таңда қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі бірінші рет көтеріліп отырған жоқ.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бір­неше жыл бұрынғы Жол­дауында бұл тақы­рып нақты атап көр­сетілген. Біздің ойымызша, бұл – дұрыс қадам әрі елі­міз үшін үдемелі іл­гері­леушіліктің қадамы. 

Қалай десек те, белгі­лі бір өтпелі кезең қажет болатынын, тиісті қиындық­тар туындауы мүмкін екенін түсінуіміз қажет. Осы тұр­ғыда халықты даярлауға, түсін­діру жұмыстарын жүр­гізуге қажетті ғылыми жұмыс­тарға байланысты шаралар қамтылатыны анық. Стратегиялық басым мақсаттар тұрғысынан алғанда, біздің латын әліпбиіне көшуіміз еліміз үшін дұрыс қадам деп пайымдаймын. Себебі, ол біздің мемлекеттің ұлттық мүддесіне сай келеді.

Бүгінде экономикалық ахуал тұрақталып келе жатқан­дықтан, конституциялық реформадан соң, Қазақстанның ұзақ мерзімді мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған қандай да бір стратегиялық қадамдарды іске асыру қажет. Сонымен қатар, заңнамалық бағытта маңызды жұмыстардан кейін Мемлекет басшысы осындай бастаманы жариялады. Бұл шешімді, әрине, қолдаймыз.

Ал латынға көшу шаралары кезең-кезеңмен жүруі тиіс. Осы орайда, мемлекеттік органдар бұл бағыттағы процесті лайықты деңгейде, яғни жоспарлы негізде іске асыруы қажет. Атап айтқанда, алда атқарылатын шаралар аясында Үкімет сауатты бағдарламаны құруы тиіс. Түсіндіру жұмыстарын, кеңестерді байыппен жүргізу керек. Осыдан кейін біртіндеп латын әліпбиіне көшіруді іске асыруға болады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Егемен Қазақстан» газетіне шыққан мақаласында латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін әзірлеуді тапсырған болатын.  Елбасы 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керектігін де жеткізді. Ал 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кіріскен дұрыс дегені құптарлық іс.

Мәулен ӘШІМБАЕВ,

Парламент Мәжілісінің депутаты

Соңғы жаңалықтар