• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Парламент 20 Сәуір, 2017

Сенатор Назарбаева: Сыбайлас жемқорлықпен күрес «елестермен күреске» айналып кетпесін

113 рет
көрсетілді

Парламент Сенатында Дариға Назарбаеваның төрайымдық етуімен Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті ұйымдастырған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төра­ғасының орынбасары Алик Шпекбаев негізгі баяндама жасады. Атқарылған істер жайында айта келіп, ол нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын міндетті түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жасау және айқындалған сыбайлас жемқорлық қауіптері жөніндегі ұсыныстарды міндетті түрде орындау институтын қалпына келтіруді ұсынды. Одан басқа, агенттік этикалық тұрғыдағы тәртіпсіздіктердің жекелеген құрамын мемлекеттік қыз­меттің беделін түсіру әрекеттерінің қатарына жат­қызуды ұсынып отыр.

Дариға Назарбаева сыбайлас жемқорлықпен күрес «елестермен күреске» айналып кетпеуіне назар аударды. «Адамды жазалау үшін шешім қабылдауда әдепсіздікті қалай өлшеуге болады? Онда адам тағдыры, оның отбасының тағдыры шешіледі. Бұл жерде өте мұқият болу керек», − деді ол. Сенатор, сонымен, бірге сыбайлас жемқорлық жөнінде тәртіп бұзушылықтар туралы хабарлаған азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетуді ұсынды. «Оларды қорғауды және лайықты марапаттауды қамтамасыз ету қажет», деп са­найды сенатор.

Сенаторлар Нұртай Әбіқаев, Серік Жақсыбеков, Ляззат Қиынов, Рашит Ахметов, Серік Ақылбай, Сәрсенбай Еңсегенов өз ұсыныстары мен ескертпелерін айтты. Депутаттар Парламент жанынан ғылыми-зерттеу институтын құруды, мемлекеттік қызметшілерді таңдау барысына жан-жақты назар аударуды, мемлекеттік қызметшілерге лайықты еңбекақы төлеу мүм­кіндігін қарастыруды, қоғам­дық кеңестер жұмыстарын же­тілдіруді ұсынды.

Дөңгелек үстел соңында Д.Назарбаева: «Бес институттық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жос­па­рында барлық маңызды мә­селелер қарастырылған болатын. Парламент қажет заңдарды қабылдады, бірақ олар жұмыс істемей отыр, өйткені, бюрократия оған назар аудармады», − деді.

Соңғы жаңалықтар