• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Сәуір, 2017

Алматы аумағын су шаю қаупі туралы ақпарат жалған - ТЖД

190 рет
көрсетілді

Соңғы күндері еліміздің аймақтарында орын алып жатқан су басу оқиғалары Алматы жұртшылығының назарын аударды. Екі − үш күннің айналасында әлеуметтік «WhatsApp» желісінде жаппай таратылған «Алматыдағы Қарғалы бөгеті арнасынан асуға шақ қалыпты» деген хабарламаның анық-қанығына жету мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті мамандарына хабарласып, мән-жайды білген едік.

Мамандар жағдайдың жіті бақылауда екенін алға тартты. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қойылған міндеттер жүйелі түрде іске асырылып келеді.

– Соңғы бірнеше күнде «WhatsApp» желісі арқылы Қар­ға­лы бөгеті жарылып, Ал­ма­ты аумағын су шайып ке­ту қау­пі бар, деп елді дүр­лік­тірген жал­ған хабарлама тарай бас­тады. Осыған байланыст­ы, Алматы қаласы Төтенше жағ­дай­лар департаментінің атынан бұл ақпараттың шындыққа ж­анаспайтынын мәлімдейміз. Қазіргі уақытта бөгет транзиттік режімде жұмыс істеуде. Осы арқылы су еркін ағып, бөгет толмайды. Су шығыны секундына 0,51 текше метрден аспайды. Бөгеттің құрылымында қақпа болмағандықтан, су ағу жүйесі автоматты түрде реттеледі. Қаз­іргі уақытта су толмаған. Бө­гет кестелі түрде жұмыс іс­теуде. Жағдайға байланысты, АГЭУ «Казселезащита» КЧС пен Ішкі істер министрлігі күніне 3 рет рейтинг жүргізуде. Еш алаң­дауға негіз жоқ. Жағдай тұ­рақ­ты бақылауда, – деді Ал­маты қаласы Төтенше жағ­дай­­лар департаментінің ре­с­ми өкі­лі Сандуғаш Баймұ­хам­бетова.

Сондай-ақ, төтенше жағ­да­й­л­ар қызметінің маманда­ры жұртты даурықтырып жал­ған ақпарат таратқандар әкім­шілік және қылмыстық жау­ап­кершілікке тартылатынын айтты.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар