• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Сәуір, 2017

Ешкім көмексіз қалмайды

160 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев көктемгі су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына көмек болатынын мәлімдеді. Облыс басшысы өңірде орын алған төтенше жағдайға байланысты қысқа мерзімді еңбек демалысын үзген болатын.

Ол Махамбет, Кірпішті ауылдары мен бау-бақша ұжым­да­рының ағымдағы жағ­дай­ымен та­нысып, Елек, Сазды өзен­де­рі­нің сағасын қарап шықты.

Бердібек Сапарбаев саяжай алқаптары тұрғындарын тың­дап, үйлерін аралап шықты.

– Жағдай оңай емес, әрине, және тек Ақтөбенің басына түсіп отырған жоқ. Бұл уақыт­ша қиындықтар, кішкене са­быр сақтау қажет. Біздің мін­де­тіміз – осы мәселенің ше­ші­луі­не барынша атсалысу. Ең бастысы – дүрлікпей, бірлесе отырып бір-бірімізді қолдауға тиіспіз. Ешкім назардан және жәр­демнен тыс қалмайды, бі­рақ көрсетілетін көмектің бар­л­ығы заң аясында болады. Кел­ті­рілген шығынды анықтап, су тасқыны салдарын болдырмау шараларын жүргізетін қалалық комиссия құрылған бо­латын. Комиссия әрбір отба­сымен жеке-жеке жұмыс жа­сап, олардың материалдық жағ­дайын қарастыра отырып, шы­ғындарын бағалайды. Бірақ, ол үшін құқық белгілеуші құжаттар қажет. Комиссия әрбір үй бойынша нақты шешім қабылдайтын болады, – деп түйіндеді өз ойын өңір басшысы.

Сондай-ақ, облыс әкімі №40 және Қарғалы орта мек­теп­те­рін­дегі уақытша орналастыру бе­кеттеріне де барды. Мұнда 500-ден аса адам бар, олардың 200-і бала.

Еске сала кетейік, Ақтөбеде жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын. Өңірде саяжайлардағы 597 үй мен ауланы су басып, 1510 адам қауіпсіз жерлерге көшірілді, 69-ы құтқарылды. Адамдар су басқан орындардан кереует, көрпе-төсек, ыстық тағамдары бар уақытша көшіру орындарына орналастырылды. Орта мектептер жанынан 7 бекет ашылды. Оның төртеуіне 832 адам орналастырылса, 325-і балалар.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан»

Ақтөбе облысы

Соңғы жаңалықтар