• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Сәуір, 2017

Дүрлігуге негіз жоқ

132 рет
көрсетілді

Ғ.Мүсірепов ауданында тасқын су салдарынан төтенше жағдай жариялануы облыс тұрғындарын бейжай қалдырған жоқ. Зардап шеккендерге іле-шала қайырымдылық шараларын ұйымдастыру басталып кетті. Алғашқылардың қатарында Аққайың ауданына қарасты «Дайындық» ЖШС-нің директоры Біржан Шаймерденов үн қосып, жерлестерін ерікті акцияларға белсене қатысуға шақырды.

Оның бастамасы өзге кә­сіп­кер­лер тарапынан қолдау тапты. Ар­да­гер­лер кеңесі, «Қызыл Жарты Ай» қо­ғамы да қолұшын беруге әзір. Сөй­тіп, бүгінде су тасқынынан өте-мө­те қиындық көрген отбасыларына қай­ырымдылық жасау мақсатымен ар­найы есепшоттар мен пункттер ашыла бастады. Жиналған қаражат пен құрылыс заттары, тұрмыстық бұй­ымдар Рузаев ауылдық ок­ру­­гінің тұрғындарына табыс еті­ле­ді. Новоишим ауылындағы «Балицкий» ЖК құрылыс алаңында ма­териалдық көмектерді сақтауға жә­не үлестіруге арналған екі пункт құ­рылды. 

Су тасқынына душар болған «Богатырев» серіктестігінің жетек­ші­сі Алихан Барахаевтың күпті көңілі орнына түсіп, үрей уайымнан арылған сыңайлы. Жергілікті билік орын­дары келген залалды өтеп, көк­темгі егіс науқанын талапқа сай өт­кізуіне уәде берген. Сол си­яқ­ты Мак­сим Руденко, Сергей Си­не­ль­ник секілді тұрғындар да өте­ма­қы­дан үмітті.

Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мамандарының сөз­д­е­р­іне қарағанда, таяу күн­дер­дің ішінде Есіл өзені арнасынан аса­ды деп күтілуде. Петропавл су то­­рабының жетекшісі Қайрат Мұ­ха­­­мадиев су деңгейі бір қа­лып­та ұс­­талып тұрғанын, тас­қын­ға қар­сы құ­рылған комиссия шұ­ғыл ат­қа­ра­тын шараларды нақ­ты­ла­ға­нын жет­кізді.

Аймақ басшысы Құмар Ақ­са­қ­алов жағдайды тікелей өз ба­қы­лау­ына алып, көмек шараларын, шы­ғын­ды есептеу жұмыстарын жедел жүз­еге асыруға, қауіп-қатердің алдын алуға, туындай қалған жағдайда бар­лық күшті жұмылдыруға нақты тап­сырмалар берді. Селекторлық жиында су шайған аумақтар мен қатты зардап көрген адамдарға жан-жақты қолдау жасалатынын, дүрлігуге ешқандай негіз жоқтығын қадап айтты.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар