• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Сәуір, 2017

Адамдар үйлеріне орала бастады

186 рет
көрсетілді

Қазіргі уақытта Қарағанды облысының елді мекендерінде су тасқынына қарсы апаттық-құтқару жұмыстары жалғасуда. Бұқар жырау, Қарқаралы, Абай, Шет және Нұра аудандары ерекше бақылауда тұр.

Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, апаттық-құтқару және жедел жұмыстар барысында су басқан аймақтардан 1906 адам эвакуацияланып, 5486 ірі қара мал басы қауіпсіз жерге көшірілген. Су тасқыны кезеңінде елді мекендерді қорғау және еріген қар суын жіберу үшін 17,415 шақырым қорғау бөгеттері бе­кітіліп, 35 100 бірлік құм қап­та­ры 1 264,5 текше метр су­дың та­ртылуына сеп болған. 

Осы шараларда облыс бойы-

нша аварaиялық-құтқару және жедел жұмыстарына жеке құрамнан барлығы 2503 адам, 746 бірлік техника, 7 су тартатын құрылғы және 29 сүңгуір жұмылдырылған.

Алдын алу шараларына қарамастан, қар суы қатты қар­қын алып, 17 сәуірде Нұра ау­данының Тассуат ауылында Нұра өзенінің су деңгейінің кө­терілуіне байланысты 10 үйді су басты. Алдын ала 56 адам ту­ысқандарына эвакуацияланды. Жұмыстарға 59 адам мен 36 бір­лік техника жұмылдырылды.

Ақтөбе ауылындағы су де­ң­гей­інің төмендеуіне байланыс­ты алдында эвакуацияланған 62 адам мен Андрейниковка ау­ы­-

лындағы 10 адам өз үйлеріне қай­тты. Жағдай бақылауда тұр.

Мирас АСАН,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы

Соңғы жаңалықтар