• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Сәуір, 2017

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

106 рет
көрсетілді

Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы жауын-шашынды, кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Солтүстік Қазақстанда жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде екпіні 23м/с дейін жетуі мүмкін. Жекелеген аудандарда көктайғақ болады. 

Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел тұрады. 

Қостанай, Қарағанды облыстарында тұман түсіп, жел соғады.