• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет 22 Сәуір, 2017

ҚР Премьер-министрі Елбасының тапсырмаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді

190 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері және халықаралық «Астана ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесіне дайындық барысы бойынша тапсырмаларды іске асыру жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Кеңес барысында Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017» аралау кезінде өз сөзінде айтып өткендей, Астана қаласын еліміздегі цифрлық технологияларды енгізуге арналған негізгі алаң ретінде дамыту мәселелері талқыланды.  

Осыған байланысты ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаев елорда әкімдігіне ғана емес, барлық мемлекеттік органдарға елорданың көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй секторын, қала басқармасының барлық салаларында заманауи цифрлық технологияларды енгізуді ауқымды дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар