• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Сәуір, 2017

Марафон мәресіне жетті

163 рет
көрсетілді

​Бүгін Алматыда өтіп жатқан марафон мәресіне жетті.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Орталық стадион жанында жүргізілді. Марафондық қашықтықтың абсолюттік жеңімпаздары Николай Григоров (Ресей, Барнауыл) пен Полина Репина (Қазақстан) атанды. 

Екінші және үшінші орынға ерлер арасынан өскемендік Әмір Байтоқанов пен елордалық Айдын Хасен қол жеткізді.  

Әйелдер арасында екінші орынды алматылық Алена Уварова иелесе, үшінші орынды семейлік Мария Киреева еншіледі. 

Сонымен қатар барлық қатысушы естелік медалдарына ие болды, ал жеңімпаздар жүлде медальдарымен, марапат қағазы және серіктестердің ұсынған бағалы сыйлықтарымен сыйланды. 

Абсолюттік жеңімпаздары Николайдың мәре сызығын кесіп өткен уақыты - 2 сағат 30 минут 9 секунд болса, Полина қашықтықты 3 сағат 16 минут 11 секундта жүгіріп өткен. Оларға 350 мың теңге сыйақы берілді.