• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Сәуір, 2017

Мерекелік концертте болды

242 рет
көрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің арнаулы мемлекеттік органның құрылуына 25 жыл толуына арналған мерекелік концертте болды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің барлық қызмет­кер­лері мен ардагерлерін арнаулы мемлекеттік органның құрылуы­ның 25 жылдығымен құттықтап, Президенттік оркестрдің кәсіби деңгейінің жоғары екенін атап өтті.

Елбасы Мемлекеттік күзет қызметі Қазақстан Президентінің, еліміздің басқа да лауазымды тұлға­ларының, шетелдік деле­га­циялар басшыларының және мемлекеттік маңызы бар нысан­дардың қауіпсіздігін ең жоғары деңгейде қамтамасыз етуші кәсіби мемлекеттік орган болып сана­латынын айтты.

Мемлекеттік күзет қызметі Қазақстан Республикасы Прези­дентінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі Жарлығы бойынша Президенттің күзет қызметі мен Ұлттық ұлан­ның қосылуы нәтижесінде құрыл­ды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері бұл мемлекеттік орган қалып­тасып, нығая түсті.

Мерекелік концерт бағдар­ла­масы Қазақстанның тәуел­сіз­дігіне және елдің бүгінге дейінгі жетістіктеріне арналған.

Қазақстан Республикасы Мем­лекеттік күзет қызметінің Пре­зи­денттік оркестрі Қазақ­стан­ның хаттамалық, дипломатия­лық, мем­лекеттік және басқа да сал­танатты іс-шараларына атса­лысады. Бұл шығармашы­лық ұжым өз репер­туарында фольк­лордан бастап, классикалық және академия­лық музыкалар мен қазіргі заманғы композиторлар туындыларына дейінгі әлем­дік музыка мәдениетінің барлық жанрын қамтиды.

Суреттер Президенттің баспасөз

қызметінен алынды