• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Сәуір, 2017

Күн тәртібі нақтыланды

120 рет
көрсетілді

Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс бюросы алдағы жалпы отырыстың күн тәртібін нақтылады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Осыған орай, депутаттар назарына жергілікті өзін-өзі бас­қаруды дамыту мәселелері бо­йынша заң жобасы екінші оқы­лым­да ұсынылмақ.

Сондай-ақ, осы күні бірқа­тар ратификациялық заң жобалары талқыланатын болады. Олар 1996 жылғы 18 қазандағы Ресей­мен темір жол көлігі кәсіп­орын­дарының, мекемелері мен ұйым­дарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы үкіметаралық хаттаманы және Қырғыз Республикасымен реадмиссия туралы келісімді және оны іске асыру тәртібі туралы үкіметаралық атқару хаттамасын ратификациялауға қатысты болмақ.

Жалпы отырыста Қырғыз Республикасымен еуразия­лық экономикалық интеграция жағдайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы үкіметаралық келісімді, Сербиямен сотталған адамдарды беру туралы және ұстап беру, сондай-ақ, қылмыстық істер бо­йынша құқықтық көмек туралы шарттарды ратификациялауға байланысты заң жобалары бойынша бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімі тағайындалатын болады.

Бюро отырысында 3-5 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында Қаржы және бюджет комитетінің көшпелі отырысын өткізу туралы мәселе де қаралды.