• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Сәуір, 2017

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жаууы ықтимал

145 рет
көрсетілді

​Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 24 сәуір күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жаууы ықтимал, тек оңтүстікте, оңтүстік-батыста және орталықта күн жауын-шашынсыз болуы мүмкін.

 Республиканың кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі, екпінді жел соғады, солтүстіктің басым бөлігінде жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет». Атап айтқанда, Атырау  облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 17-22  м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 23 м/с дейін артады. Батыс Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстарында, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, түнде Ақмола облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейетіні болжануда, түнде және таңертең тұман болады. Қызылорда облысында күндіз шаңды дауылмен қоса 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Қарағанды облысының кей жерлерін тұман басады.