• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Сәуір, 2017

Сыртқы істер министрлері меморандум жасасты

137 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанаға ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван Имен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Оның қорытындысы бойынша тараптар екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Біздің кездесуіміз Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының жоғары деңгейін растайды. Биыл екіжақты дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жыл толды. Осы уақыт ішінде елдеріміз ар­а­сындағы ынтымақтастық ұдайы өсу жә­не нығаю жолымен дамып ке­ле­ді. Бұл, көбінесе, біздің мемлекет бас­шы­ла­­рымыздың тұрақты байланыстары ар­қы­сында мүмкін болып отыр», – деді Қ. Әб­дірахманов.

Келіссөздер барысында тараптар саяси және сауда-экономика салаларындағы, оның ішінде, трансшекаралық су ресу­рс­тарын пайдалану мен консулдық мә­се­лелер бойынша іс-қимыл жасау сала­сын­дағы ынтымақтастық мәселелерін қа­­растырды. Өзекті мәселелер бойынша үнқатысуды стратегиялық әріптестік ру­­хында дамыту маңыздылығы атап көр­се­тіл­ді.

Сондай-ақ, министрлер Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы 14-15 мамырда Бейжіңде өтетін «Бір бел­деу, бір жол» атты халықаралық фо­рум­ға қа­ты­суына, ҚХР Төрағасы Си Цзин­ь­пи­н-

нің 7-9 маусымда Астанаға ресми сапарына дайындық мәселелерін талқылады. Екі мемлекет басшысының қатысуымен 8-9 маусымда Астанада өтетін Шанхай ын­ты­мақ­тастық ұйымының саммиті де ірі ха­лықаралық оқиғаға айналмақ.

ҚХР Сыртқы істер министрі Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық се­рік­­тестік жаңа сипатта дамитынына сенім біл­дірді. Оның пікірінше, ынты­мақ­тас­тықты күшейтуде екі ел лидерлері ара­сын­­д­ағы жеке достық, жиі байланыстар мен өзара сенім ерекше рөлге ие.

«Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­шылығымен Қазақстан халқы қа­рыш­ты өсу мен тұрақты даму жолына көшті. Ел маңызды реформаларды іске асыра оты­рып, заманауи қадамдар жасауда», – де­ді қытайлық министр.

Келіссөздер қорытындысы бойынша, та­рап­тар Қазақстан мен Қытай сыртқы істер министрліктері арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған Ынтымақтастық ту­ралы меморандумға қол қойды. Бұл – алдағы үшжылдық кезеңге арналған сыртқы істер министрліктері арасындағы екіжақты өзара іс-қимыл жасаудың «жол картасына» айналатын құжат.

Министрлер Қазақстан-Қытай екі­жақ­т­ы ынтымақтастығының өзекті мә­се­лелері мен халықаралық істер бо­й­ын­­­ша, оның ішін­де Қазақстан Рес­­пуб­ли­­касының БҰҰ Қауіпсіздік Ке­ңе­сін­де­гі 2017-2018 жыл­­дардағы тұрақты емес мүшелігі шеңберінде кездесулер мен консультация­лар өткізіп тұруға уағдаласты.

Тараптар Азиядағы өзара іс-қимыл жә­не сенім шараларын нығайту ма­ңыз­дылығын атап өтті. Сондай-ақ, Азия­дағы өза­ра іс-қимыл және сенім шаралары жө­ніндегі ке­ңес шеңберінде ын­тымақтастықты да­мы­ту­ға уағдаласты.

«Бүгін ұйымға қатысушылар ара­сын­дағы ынтымақтастық пен сенімді ны­ғайтуға ықпал ететін көпжақты дипломатияның тиімді құралы ретінде АӨСШК-ге қа­­тысты оң көзқарас қалыптасты», – де­лі­нген құжатта.

Айдар ӨРІСБАЕВ,

«Егемен Қазақстан»