• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Сәуір, 2017

ШҚО-да соғыс ардагерлеріне сыйақы беріледі

361 рет
көрсетілді

Былтыр облыста тұратын екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 500 мың теңге сыйақы берілген-ді. Аталған сыйақы биыл да берілетін болды. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов Зырян ауданына жасаған жұмыс сапары кезінде айтты.

«Ат төбеліндей аз қалған ардагерлерді ардақтамағанда басқа кімге құрмет көрсетеміз? Майданда қан кешкен қарияларымыз бұл сыйақыны бүгінгі бейбіт күнде өздерінің ұл-қыздары, немерелері мен шөберлерінің игілігіне жұмсап жатса, жақсы емес пе?», - дейді аймақ басшысы.

Реті келгенде айта кетейік, бүгінде Шығыс Қазақстанда 330 екінші дүниежүзілік соғыс ардагері тұрады.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы