Республиканың 22 автокөлік жолының бөлігін еріген қар суы басты, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.
Қостанай облысында 9 аумақта қызыл су жайылған, Қарағанды облысында - 4, Солтүстік Қазақстан облысында - 5, Ақмолада - 2, Оңтүстік Қазақстан облысында - 1 және Шығыс Қазақстан облысында - 1. 25 автомобиль жолының бөліктерінде жол жабыны шайылған: Қарағанды облысында - 9, Ақмола облысында - 7, Қостанай облысында - 4, Павлодар облысында - 2, Солтүстік Қазақстан облысында - 2, Шығыс Қазақстан облысында - 1. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында «Бүркітті-Саумалкөл» темір жол аралығының 166 шақырымында темір жол жабынын су басты.
Болжамдық қызметтердің деректеріне сүйенсек, жақын күндері Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде су деңгейі көтеріледі.