• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Мамыр, 2011

Қоғамдық қабылдау – тиімді тетік

365 рет
көрсетілді

Кеше Мәжіліс Төрағасы, «Нұр Отан» халықтық-демо­кра­тия­лық партиясының Парламенттегі фракциясының жетекшісі Орал Мұхамеджанов аталған партияның Қоғамдық қабыл­дауында азаматтарды өтініштері бойынша қабылдау өткізді. Бүгінгі қабылдауға келгендер­дің арасында зейнеткерлер, ша­ғын және орта кәсіпкерлік өкіл­дері мен мемлекеттік қызмет­кер­лер де болды. Төрағаның қабыл­дауына кіргендер жеке пробле­ма­ларымен қатар, елдік мәселелерді де көтеріп, өздерінің ұсыныс­та­рын да ортаға салып жатты. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ұялы ауылының тұрғыны Жұмабай Нұрахметов ақсақал немересін ерте келіпті. Оның айтуынша, осыдан біраз бұ­рын ол «Альянсстройинвест» ЖШС-іне үлестік қатынаспен тұрғын үй салуға ақша құйған. Алайда құрылыстың созылып кетуіне байланысты, сот арқылы құйған қаржысын кері қайтарып алу туралы арыз талабы қана­ғат­тандырылғанымен, әлі де орындалмай келеді екен. Орал Байғонысұлы қарияның сөзін мұқият тыңдап болған соң, оның оң шешілуі мүмкіндігін айтып, осы мәселе бойынша ЖШС бас­шысымен  сөйлесуге нақты тап­сыр­ма берді. Келесі кезекте өзін жеке кә­сіпкермін деп таныстырған қара­ған­дылық Саттар Молдабековтің фракция жетекшісіне айтар ұсы­ныстары бар екен.  Ол ауыл ша­руашылығы өнімдерін сақтауда қысы-жазы бірқалыптағы температура ұстап тұратын шахталық ұңғымаларды пайдалануға бола­рын алға тартты. Сондай-ақ желді электр қуатына айналдыру құ­ры­лғыларын жасауға елімізде бар­­лық жағдайдың барлығымен бө­ліс­ті. Өкінішке қарай, қабыл­дау­ға келген кәсіпкер нақты жоба­ларын алып келмеген болып шық­ты. Сондықтан да бұл жө­нін­дегі мәселе кейінге ысырылды. Жалпы, Орал Мұхамеджанов өтініштердің ішінде инвестиция­лық жобаларды енгізу, ауыл ша­руашылығын дамыту мәселелері­не қатысты азаматтар ұсыныс­тарына ерекше назар аударды. Фракция жетекшісі ипотекалық несиелендіру және тұрғын үй қатынастары мәселелері бойын­ша қолданыстағы заңнамаға өзге­рістер енгізу қажеттігі туралы пікірлермен де келісетіндігін білдірді. Осылайша көптеген проб­лемалар сол жерде шешімін тау­ып жатса, бірқатары тиісті құзы­рет­ті мемлекеттік органдар тарапынан бақылауға алынды. Қабылдау соңынан Мәжіліс Төрағасы, «Нұр Отан» ХДП фрак­циясының жетекшісі бұқа­ра­лық ақпарат құралдары өкілде­ріне арнайы сұхбат берді. Спикер қабылдауға келушілер арасында жеке басының шаруасынан гөрі қоғамдық проблемаларға көңіл қоя бастаған азаматтардың саны артып келе жатқанын атап көр­сет­ті. Төраға қазіргі кезде тұр­ғын­дарды баспана мәселесі қи­нап отырғандығымен де бөлісе кетті. Жағдайдың бұлайша ушы­ғып кетуі ауылдық жерлерге же­ке­нің келуімен  екі қолға бір жұ­мыс таппай жүргендер көбейіп, олар қалаларға қоныстана бас­та­ған. Болашақта ауыл тұрғын­дары­ның саны 10-15 пайыздан ас­пауы мүмкін, деген спикер олардың баспанаға қажеттілігін бәсеңдету жақын он жылда жүзеге асуы мүмкіндігін де алға тартты. Жалпы, фракция депутаттары «Нұр Отан» ХДП Орталық аппа­ратында азаматтарға қабылдауды аптасына екі рет өткізеді. Жыл ба­сынан бері өткізген 23 қабыл­дау барысында азаматтардың 194 арыз-өтініші қаралса, соның 185-і оң шешімін тапқан. Төртінші ша­қырылым басынан Үкімет пен мемлекеттік органдар басшы­лары­ның атына жолданған сауалдар саны 1871 болса, ағымдағы сессия барысында 444 де­путат­тық сауал жолданыпты. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.