2011 жылғы 7 сәуір №405 Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1). «Қазақстан Республикасының аумағынан газойлдарды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 180 қаулысында:
2-тармақтағы «Ауғанстан Ислам Республикасына» деген сөздерден кейін «, Тәжікстан Республикасына» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген әкетуге қатысты көлемде сандық шектеулер енгізілетін тауарлардың тізбесінде:
«Көлемі (тоннамен)» деген бағандағы «155 000» деген сандар «165 000» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Көлемі, тонна» деген бағанда:
реттік нөмірі 1-жолдағы «30 000» деген сандар «40 000» деген сандармен ауыстырылсын;
«Жиыны:» деген жолдағы «155 000» деген сандар «165 000» деген сандармен ауыстырылсын;
2). «Қазақстан Республикасының аумағынан жеңіл дистилляттар мен өнімдерді, газойльдарды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 331 қаулысында:
1-тармақтағы «10 000» деген сандар «40 000» деген сандармен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«Қырғыз Республикасына» деген сөздерден кейін «және Тәжікстан Республикасына» деген сөздермен толықтырылсын;
«10 000» деген сандар «40 000» деген сандармен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «10 000» деген сандар «40 000» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.