• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
18 Мамыр, 2011

«Дипломмен – ауылға!»

461 рет
көрсетілді

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ұйымдастыруы­мен  ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Дипломмен – ауыл­ға!» атты жастар форумы өтті. Форумның мақсаты – «Дипломмен – ауылға!» мемлекеттік бағдарламасын қолдау, оны насихаттау. Аталмыш  жиынға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,  Абай атын­да­ғы ҚазҰПУ, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясы, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ мен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеттерінен 100-ден аса белсенді студент жастар, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері қатысты. Жиынға жиналған жастар өз ойларын ортаға салып, студенттерді ауылға көптеп тарту және оларға Үкімет тарапынан көр­се­­­ті­летін жеңілдіктер мәселесін талқылады. Әсіресе, форумға қа­­тысушылар әлеуметтік жағ­дайға қатысты өз ойларын айт­ты. Олардың көбі Үкімет тұр­ғын үй немесе төмен мөлшерде несие алуға көмектесіп, қолдау көрсе­т­се деген ойларын білдірді. «Қазір біздің университеттің мыңнан аса студенті диплом алы­сымен ауылға барып қыз­мет етуге дайын. Алайда, «Дип­ломмен – ауылға!» бағдар­ла­ма­сы аясында аграрлық саланы бі­тірген түлектерге ешқандай же­ңілдік қарастырылмағаны қын­жыл­тады», – дейді ҚазҰАУ-дың жастар әкімшілігінің төр­айымы Жұлдыз Сүлейменова. Оның айтуынша, мәдениет, білім, спорт және тағы басқа са­ланың мамандарын ауылға тартуда көптеген жеңілдіктер қа­рас­тырылған. Ал ауыл шаруа­шы­лығына қажетті мамандар бұл бағдарламадағы жеңіл­дік­тен тысқары қалған. «Ауылға басқа маман иелерін көптеп тарт­қанымен, ондағы жағдай түзелмейді. Сондықтан алды­мен ауыл шаруашылығы маман­дығын меңгерген жастарға қолдау көрсетіп, соларды көп­теп тарту керек», – дейді ол. Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ.