• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Мамыр, 2011

Еларалық ынтымақтастықтың нақты белгісі

362 рет
көрсетілді

Газеттің кешегі нөмірінде хабарланғанындай, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған парламенттік делегация Санкт-Петербургте өткен ТМД ПАА, ЕурАзЭҚ ПАА және ҰҚШҰ ПА-ның іс-шараларына қатысты. ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы­ның отыз алтыншы жалпы оты­ры­сының жұмысында маңызды тақырып ретінде білім беру жүйе­сін жетілдіруді заңнамалық қам­тамасыз ету мәселесі тал­қы­ланды. Бұл жөнінде ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов баяндама жасап, ТМД елдері ынтымақтас­ты­ғы­ның 20 жылдығы қарсаңында парламентшілердің осындай бас­қосуы маңызды шара екенін атап өтті. Осы кезең ішінде ең бас­тысы, экономикалық, өндірістік, мәдени байланыстарымызды, ада­м­заттық құндылықтарымызды сақтай білдік. Еуразиялық ин­те­грацияның бастамашысы Қазақ­стан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екені анық, – деді министр осы туралы. Баяндамада, сондай-ақ Мемлекет басшысының білім беру саласын дамытуға баса көңіл бөліп отыр­ғандығы да айтылды. Сонымен қатар ол Қазақстанның осы са­ла­дағы қол жеткізген табыстарына да тоқталып өтті. ТМД ПАА-ның іс-шаралары аясында Нюрнберг процесінің 65 жылдығына арналған халық­ара­лық ғылыми конференция болып өтті. Конференцияны ТМД-ға мү­ше мемлекеттердің Парламент­ара­лық Ассамблеясы мен Ресей Федералды Жиналысының Федерация Кеңесі ұйымдастырды. Онда қатысушыларға Ресей Президенті Дмитрий Медведев құт­тықтауы оқылды. Конференцияда сөз сөйлеген Парламент Сена­тының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік коми­тетінің төрағасы Қуаныш Сұл­та­нов мемлекеттік деңгейдегі қыл­мыстарға айып тағумен тарихта бірінші болған Нюрнберг про­це­сінің бүкіләлемдік тарихи ма­ңы­зын атап өтті. Сенатордың ай­туын­ша, соғыс жылдарында 6 мил­лион қазақтың әрбір төр­тіншісі майданға кетіп, олардың жартысынан көбі кескілескен ұрыста қаза тауып, майдан даласында қалды. Екінші дүниежүзілік соғыс­тың қорытындыларын қайта қа­растыру идеясы фашизмге қарсы күрескен батырлар ескерткіштерін жоюға әкеліп соқтыруы мүм­кін. Шовинистік, лаңкестік пи­ғылдарға жан бітіп, басқа нәсілді адамдарға ашық түрде шабуыл жасау оқиғалары орын алуда. «Фашизмді қайта тудырмау – міне, осы Нюрнберг процесінің ең басты сабағы», – деп мәлімдеді Қ.Сұлтанов. Келесі күн парламент­ші­лер­дің Нева жағасына келуі Смоленск зиратындағы Тарас Шев­чен­коның ескерткіш мүсініне тағ­зым етумен жалғасты. Осы күндерде атақты ойшыл, суретші, ақынның жерленгеніне 150 жыл толған еді. Мәжіліс Төраға­сы Орал Мұ­хамед­жанов әр­дайым қайырым­дылыққа шақырып, славян елінің мақсат-мүддесі үшін өмірін ар­наған ұлы ақынды Ук­раинаның халық елшісі ретінде атады. Өйткені, Тарас Шевченко жер аударылып, Қазақстан дала­сын­да он жыл бойғы ғұмырын өткізгені белгілі. Әрине, сол жылдарды ақын үшін жайдары кезең деп санауға болмайды, дегенмен де біздің жерлестеріміз оның ең­сесін көтеріп, жанына қуат беруге тырысқаны, қолдау жасағаны анық. Қазіргі кезде Тарас Шевчен­ко­ның есімі Қазақстанда құрметпен аталады. Бес қаланың көшесіне оның есімі берілген және де үшеуінде ескерткіш орнатылған. Ал жуырда Тарас Шевченконың ескерткіші Астана қаласында ор­натылуы туралы шешім қабыл­дан­ды. Кеше ТМД-ның 20 жыл­ды­ғына арналған төртінші нева­лық халықаралық экологиялық конгрес болды. Бұл шараны ТМД ПАА және Ресей Үкі­метінің қол­дауымен Ресей Фе­дералды Жи­на­лысының Федерация Кеңесі ұй­ым­дастырды. Экологиялық конгресте ҚР Пар­ламенті Мәжі­лі­сі­нің Эколо­гия мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төр­аға­сы Ерлан Нығматулин баяндама жасады. Үш-төрт күнді қамтыған іс-шаралар барысында елімізден барған парламентшілер наград­тал­ғанын айта кетейік. Мысалы, Сенат пен Мәжіліс депутаттары Серік Ақылбай, Иран Әміров, Төлеубек Қосмамбетов, Ромин Мә­динов, Жұмабек Төрегел­ди­нов, Нұртай Сабильянов ТМД ПАА-ның «Ынтымақтастық» («Со­дружество») орденімен, Ба­ғи­ла Баймағамбетова, Ерболат Мұ­қаев, Рахмет Мұқашев, Татьяна Яковлева ТМД ПАА-ның Құрмет грамотасымен, Сейітсұл­тан Әйімбетов, Михаил Бортник, Валерий Вишниченко, Дарья Кле­банова, Нұрлан Сүлейменов, сондай-ақ Мәжіліс Аппараты редакциялау және аударма бөлімі­нің меңгерушісі Дәуітәлі Омаш­ұлы ЕурАзЭҚ ПАА-ның Құрмет грамотасымен наградталды. Бұл Құрмет грамоталарға ЕурАзЭҚ ПАА-ның төрағасы, Қазақстан парламентшілері делегациясы­ның жетекшісі Орал Мұхамед­жанов қол қойды.