• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Мамыр, 2011

Меморандумға қол қойылды

363 рет
көрсетілді

Кеше «Нұр Отан» ХДП Ор­та­лық аппаратында «Нұр От­ан» ХДП жанындағы Жем­қор­лықпен күрес жөніндегі рес­пуб­ликалық қоғамдық кеңестің төрағасы, Парламент Сена­тының депутаты Оралбай Әбдікәрімов және «Қазақстан Республикасының Судьялар ода­ғы» республикалық қо­ғам­дық бірлестігінің төрағасы Вла­димир Борисов Жемқор­лық­пен күрес жөніндегі рес­пуб­ликалық қоғамдық кеңес ­пен «Қазақстан Республикасы­ның Судьялар одағы» респуб­ликалық қоғамдық бірлестігі арасында ынтымақтастық ту­ра­лы меморандумға қол қойды. Осы ынтымақтастық ту­ра­лы меморандум Ұлт Көш­бас­шысы, «Нұр Отан» партия­сы­ның Төр­ағасы, Қазақстан Республи­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық инсти­тут­тардың тиімділігін, қабыл­данған сот шешімдерінің ашық­тығын арттыру, соттардың қыз­метіне  қоғамдық бақылауды және сот актілері жария­лы­ғы­ның қолжетімдігін қамтамасыз ету бойынша тапсырмаларын орындау үшін жасалды.