• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
19 Мамыр, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 87

349 рет
көрсетілді

2011 жылғы 8 ақпан             № 87             Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссиясы және пайдалы қазбалар қоры жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережені бекіту туралы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссиясы және пайдалы қазбалар қоры жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ереже бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасының жер қойнауын мемлекеттік сараптау туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 18 қазандағы № 1288 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 43, 411-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 18 қазандағы № 1288 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қыркүйектегі № 968 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 36, 501-құжат). 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы №87 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қоры  жөніндегі мемлекеттік комиссиясы және пайдалы қазбалар қоры жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасының Пайдалы қаз­балар қоры жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы (бұдан әрі – ҚР ҚМК) және пайдалы қазбалар қоры жөніндегі өңіраралық комиссиялар (бұдан әрі – ҚӨК) жер қойнауын мемлекеттік сарап­тауды (бұдан әрі – Сараптама) жүзеге асырады. 2. ҚР ҚМК мен ҚӨК қызметін ұйымдастыру, олардың құрамы, жұмыс регламенті және іс жүргізу осы Ережемен белгіленеді. 3. ҚР ҚМК жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның жанынан құрылады және жұмыс істейді, ҚӨК Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа техноло­гия­лар министрлігі Геология және жер қой­науын пайдалану комитетінің өңіраралық геология жә­не жер қойнауын пайдалану департа­менттерінің (бұдан әрі – өңіраралық департаменттер) жаны­нан құрылады және жұмыс істейді. 4. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспа­ғанда, ҚР ҚМК-нің құзыретіне пайдалы қазба­лардың барлық түрлері бойынша Сараптама жа­тады. ҚӨК-нің құзыретіне кең таралған пай­да­лы қазбалардың түрлері бойынша Сараптама сон­дай-ақ ҚР ҚМК-нің Сараптамасына келіп түсетін материалдарды алдын ала қарау жатады. Мұнай қорлары мен мұнай алу деңгейін қос­па­ғанда, ҚР ҚМК-нің жеке тапсырмаларына сәй­кес комиссияның аумақтық жауапкершілігі шегінде нақты кен орындары бойынша пайдалы қаз­балардың басқа түрлеріне ҚӨК-ның Сарап­тамасына рұқсат беріледі. 2. ҚР ҚМК және ҚӨК-нің міндеттері мен функциялары 5. Негізгі міндетке сәйкес ҚР ҚМК және ҚӨК Сараптама барысында: пайдалы қазбалар қорларының саны, сапасы, құрамы, технологиялық және өзге де қасиеттері, сондай-ақ жер қойнауының өзге де ерекшеліктері туралы деректердің дұрыстығын; пайдалы қазбаларды өндіру және өндіруге байланысты емес мақсатта жер қойнауы учаскелерін пайдалану шарттары үшін геологиялық, кен-техникалық, гидрогеологиялық, инженер­лік-геологиялық, техникалық-экономикалық жә­не өз­ге де деректердің толықтығы мен дұрыстығын; кен орындарын әзірлеудің экономикалық тиімділігінің техникалық-экономикалық негіздемесін, көмірсутек шикізатын алу коэффи­ци­енттерін, минералдық-шикізаттық базаны ке­ңейту жөніндегі қорытындылар мен ұсыныс­тарды пайдалануға арналған қорлар мен жер қойнауы учаскелерінің дайындығы дәрежесін; іздеу, барлау, тәжірибелік-пайдалану және жер қойнауын геологиялық зерделеу мен баға­лау жөніндегі өзге де жұмыстардың нәтижелері мен сапасын; пайдалы қазбалардың кен орындарын жою немесе консервациялаудың пайдалы қазбаларды есептен шығарудың немесе қалған қорлардың теңгерімділік тиесілілігінің өзгерту негізділігін айқындайды. 6. ҚР ҚМК және ҚӨК өз қызметінде жүргізудегі Сараптаманың шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады: мемлекеттiк теңгерімге қоюға негiз болып табылатын барланған пайдалы қазбалардың қорын игерудiң рентабельдiлiгi туралы қоры­тынды береді; пайдалы қазбалар қорының мөлшерi мен сапасын, олардың республика экономикасы үшiн маңызын, өндiрудiң тау-кен техникалық, гидрогеологиялық, экологиялық және басқа да жағдайларына объективтi баға береді; келісім-шарттық аумақтағы барлау нәти­же­сінде коммерциялық табу фактісін растайды. 7. ҚР ҚМК және ҚӨК Сараптама, оның ішінде алдын ала Сараптама жүргізу барысында: орталық мемлекеттік және жергілікті ат­қа­рушы органдардан, Геология жер қойнауын пайдалану комитетіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мен мекемелерден және жер қойнауын пайланушылардан өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттарды, құ­жат­тарды және материалдарды сұратуы және алуы; Сараптама жүргізу кезінде өз құзыретінің шегінде тәуелсіз сарапшылар мен сарапшы топ­тарды тартуы; қажетіне қарай Сараптама жүргізілетін объек­тілерде көшпелі отырыстарды өткізуі; жер қойнауын пайдаланушы құзыретті орган қолданыстағы келісім-шартқа тиісті өзгерістер енгізгенге дейін, келісім-шарттық талаптарда келісілген жер қойнауын пайдалану операция­ла­рын жүргізу мерзімін бұзған жағдайда Са­рап­тамаға берілген материалдарды кері қайтаруы; өз құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде шешімдер қабылдауы мүмкін. 3. ҚР ҚМК және ҚӨК қызметін ұйымдастыру 8. ҚР ҚМК және ҚӨК-нің отырыстары қажеттілігі бойынша, бірақ айына кемінде бір рет өткізіледі. 9. ҚР ҚМК және ҚӨК-нің отырыстары жұ­мыс және пленарлық отырыстар болып бөлі­неді. Жұмыс бабында қарау нәтижесі ҚР ҚМК немесе ҚӨК шешімінің жобасы болып табы­лады. ҚР ҚМК-нің немесе ҚӨК-нің пленарлық отырысында сарапталатын материалдар бойын­ша шешім қабылданады. 10. ҚР ҚМК және ҚӨК алқалы органдар болып табылады. Шешім отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің басым даусымен қабылданады. Шешімдерді қабылдау кезінде дауыстар тең болғанда төрағалық етушінің дау­сы шешуші болып табылады. 11. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Жер қойнауының сараптамасы басқармасы ҚР ҚМК-нің жұмыс органы болып табылады. Қарауға келіп түскен материал­дар­дың салалық бағыты бойынша тиісті өңір­ара­лық департаменттердің мамандарынан құрыла­тын жұмыс топтар ҚӨК-нің жұмыс органдары болып табылады. 12. ҚР ҚМК және ҚӨК отырыстарына ко­миссияның мүшелері болып табылмайтын лауа­зымды тұлғалар шақырылуы мүмкін. 13. ҚР ҚМК-нің төрағасы оның қызметін басқарады, әдістемелік басшылықты жүзеге асы­рады және ҚӨК-нің қызметіне жетекшілік етеді. Төрағасы жоқ болғанда оның міндетін ҚР ҚМК төрағасының орынбасары атқарады. 14. ҚӨК төрағалары тиісті өңіраралық комиссияның қызметін басқарады. 15. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар ҚР ҚМК-ге және ҚӨК-ге жүктелген міндеттерді орындауда оларға көмек көрсетеді. 16. ҚР ҚМК мен ҚӨК-нің ғылыми хатшы­лары Сараптамаға материалдардың қабылдауын ұйымдастырады және оларды комиссиялардың пленарлық отырыстарына дайындайды. 17. Сараптаманың нәтижелерi пайдалы қазба қорларын бекiту туралы, қорларды санаттар бойынша бөлу, тәжірибелік-өнеркәсіптік өнді­ру­дің мерзімдері, көмірсутекті шикізаттарды есептен шығару, жер қойнауы туралы ақпаратты өнеркәсiптiк, ғылыми және басқа мақсаттарда қолдану мүмкiндiктері, ұсыныстар, сондай-ақ ҚР ҚМК мен ҚӨК-ның құзыретіне жататын өзге де мәселелер бойынша шешімдер көрініс табатын хаттамамен ресімделеді. 18. Сараптаманың нәтижелерін көрсететін хаттамаға отырыстағы төрағалық етушінің бұ­рыштамасы және ҚМК немесе ҚӨК-нің барлық қатысқан мүшелерінің қолдары қойылады. 4. ҚР ҚМК-нің және ҚӨК-нің құрамы 19. ҚР ҚМК және ҚӨК құрамы төрағадан, оның орынбасарларынан, ғылыми хатшыдан және комиссиялар мүшелерінен құрылады. 20. ҚР ҚМК төрағасы лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің орынбасары болып табылады. ҚР ҚМК төрағасының ҚР ҚМК төрағасы жоқ болған мерзімде ҚР ҚМК-ның құзыреті шегінде құжаттарға қол қою құқығын иеленетін орынбасары бар. 21. ҚР ҚМК төрағасының орынбасары ҚР ҚМК жұмыс органының басшысы болып табылады. 22. Тиісті өңіраралық департаменттердің бас­шылары ҚӨК төрағасы болып табылады. ҚӨК төрағасының орынбасарлары геология мә­се­лелері бойынша тиісті өңіраралық депар­та­мент­тердің басшыларының орынбасарлары бо­лып табылады. 23. Комиссия мүшелері жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган­ның және оның аумақтық бөлімшелерінің геоло­гиялық мамандықтары бар білікті қызмет­кер­лері болып табылады. ҚР ҚМК және ҚӨК-нің жеке құрамы жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі. 5. ҚР ҚМК мен ҚӨК-нің жұмыс регламенті және іс қағаздарын жүргізу 24. ҚР ҚМК мен ҚӨК-нің кезекті жылға арналған жұмыс жоспары жер қойнауын пайда­анушылардың өтініштері негізінде қалыптас­тырылады. 25. Жер қойнауын пайдаланушылар Сарап­тамаға есеп материалдарын ұсыну мерзімін көрсетумен өтінімдерді тиісті өңіраралық департаментке жоспарланатын жылдың 20 қаң­тарына дейінгі мерзімде жібереді. 26. Өңіраралық департаменттер жоспарла­на­тын жылдың 30 қаңтарына дейінгі мерзімде ҚР ҚМК атына жер қойнауын пайдаланушылардың өтініші бойынша жиынтық мәліметтерді жібереді. 27. ҚР ҚМК жұмысының жиынтық жос­па­рын ҚР ҚМК төрағасы бекітеді. ҚӨК жиынтық жоспарларын олардың төрағалары бекітеді. 28. Жоспарланатын жылдың 20 қаңтарынан кейінгі түскен жер қойнауын пайдалану­шы­лардың өтінімдері ҚР ҚМК-де және ҚӨК-де тіркеледі. Аталған материалдарға Сараптама мына түрде жүргізіледі: бірінші кезекте жиынтық жұмыс жоспарына сәйкес материалдар қарастырылады; екінші кезекте бекітілген тәртіппен өтінім берілген материалдар ұсынылмағанда, жоспар­ла­натын жылдың 20 қаңтарынан кейін келіп түс­кен өтінімдер бойынша материалдар қарас­ты­рылады. 29. Жер қойнауын пайдалану құқығы бар жеке немесе заңды тұлға геологиялық зерделеу және жер қойнауын игеру бойынша орындалған жұмыстар туралы материалдарды Сараптамаға есеп түрінде ұсынады. Сараптамаға ұсыны­ла­тын геологиялық ақпаратқа қойылатын талап­тар­ды пайдалы қазбалар қорларын бағалаудың дәлдігі мен толықтығы, кен орындардың зерделенгендігі, геологиялық барлау жұмыстарының тиімділігі туралы ақпараттарды қоса алғанда индустриялық саясат саласындағы уәкілетті орган белгілейді. 30. Жер қойнауын пайдаланушы материал­дарды - кемінде екі данада, есепке қосымша берілген анықтамалар мен тәуелсіз сарап­шы­лар­дың сараптау қорытындыларын - кемінде төрт данада Сараптамаға жібереді. Сонымен қатар, жер қойнауын пайдаланушы тәуелсіз сарап­шыларды қызметкерлермен және сараптама жүргізу уақытында оған тікелей байланысты (талап ету бойынша) қосымша материалдармен қамтамасыз етеді. 31. ҚР ҚМК-нің қарауына түсетін материалдар алдын ала тиісті ҚӨК-де қаралады және оның қорытындысы қоса жіберіледі. 32. Сараптамаға келіп түскен материалдарды ғылыми хатшы қолданыстағы белгіленген заң­на­малық талаптарға сәйкестігі нысанына бағалайды. 33. Ұсынған материалдар белгіленген та­лап­тарға сәйкес болған кезде, оларды ғылыми хат­шы тіркейді, одан кейін сараптамаға қабыл­дан­ған болып саналады, бұл туралы жер қойнауын пайдаланушыға жазбаша түрде хабарланады. 34. ҚР ҚМК-нің немесе ҚӨК-нің мүше­леріне тіркеу бойынша материалдардың келіп түсуі туралы ғылыми хатшы мәлімдейді. 35. ҚР ҚМК-нің немесе ҚӨК-нің қарауына түскен және белгіленген тәртіппен тіркелген материалдар комиссия төрағасының орынбаса­ры­на беріледі, ол келіп түскен материалдардың са­лалық бағытына қарай комиссия мүшелерінің ішінен сараптама жүргізуге жауаптыларды ан­ықтайды. 36. Сараптама тәуелсіз сарапшылар мен са­рапшы топтарды тарту арқылы материалдар тіркелген күнінен бастап үш ай мерзімде жүр­гізіледі. Аса күрделі не көлемі үлкен мате­ри­алдарды қараған жағдайда Сараптаманы жүргі­зу мерзімі комиссия төрағасының шешімі бой­ынша ұзартылуы мүмкін. Тәуелсіз сараптаманы жүр­гізу шығындарын, сарапшылардың қызмет­тік мін­деттерін орындауға байланысты іссапар шы­ғыс­тарын жер қойнауын пайдаланушы өтейді. 37. Тиісті салалардың білікті мамандары тәуелсіз сарапшылар болып табылады. Тәуелсіз сарапшылардың және сарапшы топтардың тізімін ҚР ҚМК төрағасының ұсынуы бойынша жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнін­дегі уәкілетті орган бекітеді. 38. Тәуелсіз сарапшылардың материалдарды қарау мерзімі материалдарды тіркеу кезінен бастап екі айға дейінгі мерзімді құрауы мүмкін және комиссия төрағасының шешімі бойынша аса күрделі не мөлшері көп материалдарды қараған жағдайда, төрт айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. 39. ҚР ҚМК-нің немесе ҚӨК-ның Сарап­та­масын жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшылардың кандидатураларын, сараптаманың түрлері мен санын ұсынылған материалдар бойынша комиссия орынбасарының ұсынуы бойынша төраға бекітеді. 40. Тәуелсіз сарапшылардың қорытынды­ла­рын алғаннан және комиссияның жауапты мү­ше­лері материалдарды зерттегеннен кейін жер қойнауын пайдаланушы өкілдерінің, есеп ав­торларының, тәуелсіз сарапшылардың және шақырылған мамандардың қатысуымен ҚР ҚМК-нің немесе ҚӨК-нің жұмыс отырысы өткізіледі. Қажет болған жағдайда ҚР ҚМК-нің жұмыс отырысына тиісті ҚӨК-нің мүшелері шақырылады. 41. ҚР ҚМК-нің жұмыс отырыстары ҚР ҚМК төрағасы орынбасарының, ал ол жоқ болғанда комиссияның Сараптама өткізуге жа­уапты мүшесінің төрағалық етуімен жүргізіледі. ҚӨК-нің жұмыс отырыстарына ҚӨК төраға­сының орынбасары төрағалық етеді. Жұмысты қарау нәтижесі ҚР ҚМК немесе ҚӨК шешімнің жобасы болып табылады. 42. Комиссиялардың пленарлық отырыстары ҚР ҚМК немесе ҚӨК төрағасының төрағалық етуімен өткізіледі. Төраға болмаған жағдайда отырысты оның орынбасары жүргізеді. 43. Пленарлық отырыс өткізілгенге дейін үш күн бұрын ғылыми хатшы ҚР ҚМК-нің немесе ҚӨК-нің мүшелеріне қаралатын объект бой­ынша материалдардың негізгі мазмұны қысқаша түрде көрсетілген авторлық анықтаманы танысу үшін береді. ҚР ҚМК немесе ҚӨК мүшесінің талабы бойынша оған тәуелсіз сарапшылардың қорытындылары және өзге материалдар ұсынылады. 44. Егер ҚР ҚМК-нің немесе ҚӨК-нің пле­нарлық отырысына комиссия мүшелерінің жал­пы санының кемінде жартысы қатысқан жағ­дайда, ол заңды деп саналады. ҚР ҚМК-нің немесе ҚӨК-нің мүшелері өзінің отырысқа қатысу жөніндегі уәкілеттігін басқа тұлғаға беруге құқығы жоқ. 45. Пленарлық отырыстарда шешімдер оның мүшелері даусының көпшілігімен қабылданады. 46. Шешім қабылдауда комиссия мүшелері тең дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етуші дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. 47. Қабылданған шешімге келіспейтін ҚР ҚМК-нің немесе ҚӨК-нің мүшелері ерекше пікір білдіруге құқығы бар. Ерекше пікір оның негіздемесі бар жеке құжатпен ресімделеді және қаралатын материалдарға қоса беріледі. 48. ҚР ҚМК немесе ҚӨК төрағасының, ал ол жоқ болған кезде орынбасарының тапсырмасы бойынша шешімнің жобасы сырттай дауыс беру тәртібімен комиссия мүшелеріне жіберілуі мүмкін. 49. Комиссия мүшелерінің сырттай дауыс беруге арналған мерзімі дауыс беру үшін жоба бойынша материалдарды таратқан күннен бастап үш жұмыс күнінен аспауға тиіс. Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанша комиссия мү­ше­лері ғылыми хатшыға өздерінің пікірін білдіретін жазбаша жауаптарды жібереді. Көрсе­тілген мерзімде жазбаша жауап ұсынбаған жағ­дайда, комиссия мүшесі қабылданған жоба шешіміне дауыс берді деп саналады. Егер жоба бойынша комиссия мүшелерінің жалпы саны­ның көпшілігі дауыс берген жағдайда, сырттай дауыс беру өтті деп саналады. Қаулы жобасы бойынша сырттай дауыс берудің нәтижелері хаттамамен ресімделеді. 50. ҚР ҚМК немесе ҚӨК-ның пленарлық отырысының хаттамасы отырыс өткен күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде жасалады. Хаттамада Сараптамаға ұсынылған материалдар туралы мәліметтер, сараптама барысында анық­талған ескертулер, ҚР ҚМК немесе ҚӨК шешімі және олардың ұсыныстары қамтылады. 51. ҚР ҚМК пленарлық отырысының хат­тамасы бір ай мерзімде тиісті өңіраралық департаментке және «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығының (бұдан әрі «Қазгеоақпарат» РГАО) қорына жіберіледі. Сараптамадан өткен материалдарды «Қазгеоақ­па­рат» РГАО геологиялық қорына тұрақты сақ­тау­ға тапсыру туралы хабарландырудың көшір­ме­сін алғаннан кейін ғылыми хатшы жер қой­науын пайдаланушыға ҚР ҚМК-нің пленарлық отыры­сының хаттамасын екі апта мерзімде жібереді. 52. ҚӨК-нің пленарлық отырыстарының хат­тамалары бір ай мерзімде «Қазгеоақпарат» РГАО геологиялық қорына, сондай-ақ кемінде бір тоқсанда бір рет ҚР ҚМК-ге жіберіледі. Ғылыми хатшы Сараптамадан өткен мате­риал­дарды тиісті өңіраралық департаменттің геоло­гия­лық қорына тұрақты сақтауға беру туралы хабарландырудың көшірмесін алған кезден бастап екі апта мерзім ішінде жер қойнауын пай­даланушыға ҚӨК-нің пленарлық отырысының хаттамасын жібереді. 53. Сараптамадан өткен материалдарға есеп орындаушылары пленарлық отырыста қабыл­дан­ған, және ҚР ҚМК-нің немесе ҚӨК-нің хат­тамасында көрініс тапқан қажетті толықтырулар мен түзетулер енгізіледі. 54. Енгізілген түзетулердің сәйкестігін ұсы­ныл­ған материалдарды сараптаудан өткізуге жа­уапты тұлғалар тексереді, есеп орындау­шы­лар­дың, ескертулер жөніндегі тәуелсіз сарапшы­лар­дың және ҚР ҚМК-нің немесе ҚӨК-нің жұмыс органы мамандарының қолдары қойылған актімен куәландырылады. 55. Сараптамадан өткен материалдарға тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізілгеннен кей­ін, сондай-ақ оларды қосымша түзетулерсіз қабылдаған жағдайда Сараптамадан өткенін куәландыратын мөртабан қойылады. 56. Қабылданған қорлардың санаттары, хат­та­маның нөмірі, пленарлық отырыс өткізілген уақыты, сондай-ақ сарапталатын материал­дар­дың қаралуына жауапты тұлғаның қолы мөрта­бан­да көрініс табады. Мөртабан есеп мәтінінің титул парағында және графикалық қосым­ша­ларда қорлардың блокталғаны мен санаттарға бөлінгенін көрсететін әр парақта қойылады. 57. Егер сарапталатын материалдарға жасал­ған Сараптаманың нәтижесі бойынша ҚР ҚМК-ден немесе ҚӨК-ден теріс қорытынды алынса, жер қойнауын пайдаланушы хаттамада баян­дал­ған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып пысықтаған жағдайда материалдарды қайтадан Сараптамаға ұсына алады.