• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
19 Мамыр, 2011

Малайзиялық министрмен әңгіме

422 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасы­ның Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов біздің елге алғаш рет ресми сапармен келген өзінің малай­зия­лық әріптесі Дато Шри Анифа Аманмен кездесу өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Кездесу аясында екіжақты ынты­мақ­тастық және Қазақстан мен Ма­лайзияның халықаралық қоғамдастық пен ұйымдар шеңберіндегі өзара ық­пал­дастығының өзекті мәселелері бой­ынша пікір алмасылды. Қазақстан сыртқы саясат ве­дом­ствосының басшысы «Біздің елде­рі­міздің арасындағы саяси үнқатысу дамуының маңызды кезеңі болып Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылғы Малайзияға жасаған ресми сапары табылады», – деп атап өтті. Сонымен қатар, жоғары деңгейдегі кезекті кездесуге дайындық мәселелері қарастырылды. Аталған кездесу Малайзия Премьер-министрі Наджиб Тун Абдул Разактың Қазақстанға жауапты сапары аясында маусым айында жа­са­лады. Сонымен қатар, сол сапар шең­берінде Разактың 7-ші Бүкіләлемдік ислам экономикалық форумына да қа­тысуы жоспарланған. Сауда-экономикалық салаларды қа­рас­тыра отырып, тараптар Қазақстан мен Малайзия арасындағы іскер қаты­настар деңгейі барлық әлеуетке сай келмейтіндігін атап өтті. Осылайша, екіжақты тауар айналым көрсеткіші 2010 жылы 77,6 млн. долл. құраған бо­латын. Дипломатиялық мекемелер бас­шылары айтып өткендей, бұл әлеуетті белсендірек қолданған жағдайда ын­тымақтастықты одан әрі дамытып, жаңа мүмкіндіктер ашып, мүлдем жаңа деңгейге шығаруға әбден болады. Қазақстанның алдағы Ислам Кон­фе­ренциясы Ұйымы Сыртқы істер ми­нистрлерінің кеңесіне төрағалығына тоқ­тала келе, министрлер аталған ұйым шеңберіндегі өзара ынтымақтастық мә­селелерін де талқыға салды. Осы орайда Е.Қазыханов Астананың осы беделді ұйымның дамуына өзіндік «модерни­за­циялық» үлес қоспақ ниетін жеткізді.