• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
20 Мамыр, 2011

Қылмысына қарай жазалансын

307 рет
көрсетілді

Бірнеше жылдан бері екі от­басын шексіз қайғыға душар еткен қылмыстық істің беті ашыл­ғандай бол­ғанын күні кеше бұқа­ралық ақпарат құралдарынан естіп-білген ел-жұртымыз дүр сілкінді. «Нұр­банктің» топ менеджері қызметін атқар­ған Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтің ізім-ға­йым жоғалғаны, олар­ды іздестіруге құқық қорғау са­ласы­ның қызметкерлері қан­шама тер төккені мәлім. Бұл қылмыс Әлиев, Кошляк, Мұсаев­тың бас­шы­лығымен және басқа­лардың қаты­суы­мен  жасалғаны белгілі болды. Еліміздің Ата Заңында әрбір адам өмір сүруге құқылы делінген. Ендеше, осы оқиғаға баға беру барысында  заңы­мызды құр­меттемейтін, жеке басының пайдасы үшін қандай істен болсын тар­тынбайтын қаты­гездердің бар екенін білген сайын оларға деген ыза-кегіміз еселене түседі. Бас прокуратура ресми өкілінің мәлім­деуіне қарағанда, Алматы қаласы­ның тау бөктеріндегі «Қазтелерадио­ның» қойма­лар базасының аумағында асқан ай­уан­дықпен өлтірілген екі адам­ның мәйіті табылыпты. Жақын туыс­тарының айғақты дә­лелдемелеріне қара­ғанда, бұл мәйіттер із-түзсіз жоғалып кеткен Жолдас Темір­әлиев пен Айбар Хасеновтің мәйіті деген жобаға сәйкес келеді екен. Мен өзім  бар саналы ғұмырымды құ­қық қорғау саласында, оның ішінде прокуратурада өткерген адаммын. Сон­дықтан да мұндай мәлімдеме жайдан-жай жасал­майтыны белгілі. Демек, әріптес­терімнің ізденістеріне жоғары баға берем. Ал өзінің туған елінде бас пайдасының қамы үшін жан түрші­герлік қылмыс жасап, содан кейін шет мемлекетте бой тасалап жүрген қолы қанды адамдарға енді не деуге болады. Қазақстан соты Әлиев, Кошляк, Мұсаев, Сапожников, Имашевқа кезінде сырттай тиісті жаза белгілеген бола­тын. Енді қылмыс толық дәлел­денетініне сенімдімін. Сондықтан, Авс­трияның ау­мағын­да сот төрелігінен жал­тарып, істеген қылмыстары үшін жазаланбай жүрген оларды елге қайтарып, әділ үкім шыға­рылғанын қалаймыз. Сонда бұл өзге­лерге де  сабақ болар еді. Талап  ҚАЛИАКПЕРОВ, аға әділет кеңесшісі, Алматы облысының құрметті азаматы. Алматы  облысы.