• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
20 Мамыр, 2011

Олардың орны – абақты

412 рет
көрсетілді

«Нұрбанктің» 2007 жылы ұрланған топ-менеджерлерінің сүйегі араға 4 жыл салып табылды. Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтің зайып­тары жандарын шүберекке түйіп, арыстарының аман оралатынына сенгенімен, жазмыш оны бұйырт­папты. Аталған екі азаматтың адам қолынан қаза болғанын енді жалпақ жұрт біледі. Ал адам қанын мойнына жүктегендердің шет елде арқасын қыз­дырып, бармағын балға батырып отырғандары аян. «Егемен Қазақстаннан» оқығанымыздай, прокуратура қызметкерлері «Қазтелерадио­ның» қоймалар базасының аумағынан та­былған сүйектер Темір­әлиев пен Хасеновтікі екенін айтып отыр. Тіпті, табылған мәйіттің бірі Темірәлиевтің тіс протезіне сәйкес келетіні де баян етілді. Алматы қаласының Алмалы аудандық соты Әлиев, Кошляк, Мұсаев, Сапожников, Имашевқа сырттай үкім шығарғанымен, олар Австрияда жүр. Енді оларды елге экстрадициялау мәселесін шындап қолға алып, қылмыскерлерді осында әкеліп, тиісті жазасын өтеттіру қажет. «Қазақстанда адам қанын мойына жүктеп, шет елге қашып, жазадан жалтаруға болады» екен деген түсінік қалыптасуы да ғажап емес. «Қылмыскердің орны – абақты» дейді. Сон­дықтан халық қылмыстық топ өкілдерін темір тордың арғы бетінен көргісі келеді. Ғани БАЙҰЛЫ, «Жас ғалымдар альянсының» төрағасы. Қызылорда облысы.