Үкімет елдегі зейнетақы жүйесін талдауға тапсырыс беруі тиіс деп білеміз
13 жылдан астам уақыт елімізде аралас зейнетақы жүйесі жүзеге асырылып келеді: жаңа жинақтаушы және ескі мемлекеттік бөлу (немесе бірлескен) үдерісі мамандардың ұсынысы бойынша 2043 жылы қолданыстан шығарылуы тиіс. Реформаның мәні бірлескен схемадан біртіндеп жинақтаушы жүйенің пайдасына көшу болып табылады. Бұл жағдайда сақтау және көбейту, сәйкесінше мұқтажсыз кәрілікті қамтамасыз ету үдерісіне мемлекет қана емес, жеке жинақтаушы зейнетақы қорлары да кепілдік береді.
2011 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, елімізде 5,496 млн. салымшыларды қамтитын 13 зейнетақы қоры жұмыс істейді екен. Жалпы, барлық қордалану сомасы 2,258 трлн. теңгені құрайды. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері бойынша атаулы табыстың 2011 жылдың 12 айына – 4,39%, ал инфляция – 7,8%, 36 айға – 16,05%, инфляция – 25,36%, 60 айға – 43,55%, инфляция 61,44% құрайтын орташа алынған коэффициенті (К-2) жинақтаушы зейнетақы қорларының табыстылығын қамтамасыз ету ретінде зейнетақы қордалануының жүзеге асырылуында өзекті мәселенің бар екендігін көрсетеді. Қазіргі таңда жоғарыда аталған мәліметтер бойынша, инфляция табыстылықтан асып түседі және оның төмендеуіне әкеледі, яғни егер тез арада шара қолданбаса, салымшыларға құнды зейнетақы қамтамасыз етілмейді.
Екінші бір халықтың алаңдаушылығын тудырып отырған мәселе зейнетақы жинақтаушылар санын талдау болып табылады. Бүгінгі уақытта олар 5,469 млн. адамды құрайды. Бұлардың қатарына жұмыс істемейтін азаматтар, ауылдық мекемеде өзiн-өзi еңбекпен қамтып отырған тұрғындар, жұмыссыз азаматтар, ұзақ уақыт жұмыс істемеген азаматтар кірмейді. Аталған категория ешқандай салым төлемейді. Яғни, міндетті зейнетақы қорларын төлеушілер жұмыспен қамтамасыз етілген халықтың, 67%-ын құрайды (2010 жылға – 8,171 млн. адам).
Аталған азаматтарды тез арада жұмыспен қамтамасыз етіп, бұл азаматтарды жинақтау жүйесіне қосқанның өзінде де, жинақтаған қаражаттары жеткіліксіз болады. Осының салдарынан жоғарыда аталған мәселелер зейнетақы реформасының басты мақсатын – болашақта зейнетақы қорларында қордалану есебінен жинақталған төлемдерді қамтамасыз етуді тиімді шешуді қиындатады.
Осыған байланысты Үкімет тиісті өкілетті мемлекеттік органдарға елдегі зейнетақы жүйесін талдауға тапсырыс беріп және оны әрі қарай жетілдіру бойынша нақты шешімдер қабылдауы қажет деп білеміз.
Екінші бір айтарымыз – Әлеуметтік кеңестің отырыстарының бірінде зейнетақы жинақтау және әлеуметтік сақтандыру қорларының жағдайы мен дамуы жөнінде мәселе қаралған болатын. Осы жылдың басында алынған мәліметтерге сүйенсек, жоғарыда айтып кеткеніміздей, қазақстандықтардың зейнетақылық жинақтары 2,3 триллион теңгеге жуықтайды. Бұл – 8 миллион салымшының қаражаты. Яғни, орта есеппен алғанда бір салымшыға 300 мың теңгеден келіп отыр. Аталған қаржыны зейнетақы қорлары зейнетке шыққандарға 5-6 жылдың ішінде қайтарып береді. Одан кейін зейнеткерлер тек біркелкі зейнетақы ғана ала алады, ал зейнет жасындағы адамдардың саны жылдан жылға азая бермек.
Жасы 55-ке толған азаматтардың жинақталған зейнетақысын өмірінің соңына дейін алу үшін өз жинақтарын аннуитеттік компанияға беріп, олармен келісім-шартқа отыруы ұсынылып отыр. Бірақ, зейнетақы қорларындағы салымдардың мөлшері ерлер үшін 2,5 миллион, ал әйелдер үшін 3 миллион теңгені құрауы керек. 1 қаңтардағы мәліметтер бойынша, осыған сәйкес ерлердің саны – 25 мың, әйелдердің саны 9 мың адам болып тұр. Қарап отырсақ, қазір өмірлік аннуитет тек санаулы адамдарға ғана қолжетімді.
Мұндай жағдай өзін-өзі еңбекпен қамтып жүрген, зейнетақылық жинақтары жоқ 2,6 миллион адамға қиындық тудырары сөзсіз. Осы мәселе бізді, Мәжіліс депутаттарын көптен бері мазалап жүр. Сайлаушыларымыздың да жиі көтеріп жүрген мәселесі болғандықтан Үкімет осы мәселеге мұқият назар аударса – сауапты іс атқарғаны болар еді.
Ольга КИКОЛЕНКО,
Айткүл САМАҚОВА, Мәжіліс депутаттары.