• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Маусым, 2011

Патриоттар мектебі

397 рет
көрсетілді

Сарбаздар мен командалық буынға мамандар әзірлеумен қатар еліміздің қор­ға­ныс қабілетін күшейтудегі басты тапсыр­ма­­лардың бірі – әскери өмірді көрген резервті дайындау және жинақтау болып та­былады. Мұны жұмылдыру резерві деп атай­ды. Бұл кез келген уақытта Отаны­мыз­ды қорғау үшін сапқа тұрар үлкен күш. Жы­л сай­ын еліміздің 30 000-ға жу­ық азаматы мерзімдік қызметін өтеп, әскери-оқытылған резервтің қа­тарын толықтырады. Мысалы, 2010 жылы мерзімдік қызметке 28 000 адам тартылды. Шақырылу­шы­лар­дың саны жыл санап біртіндеп кемуі неліктен деген заңды сұрақ туын­дайды. Бұл Қарулы Күштерде өт­кізіліп жатқан ұйымдастыру-штаттық шаралары мен әскери қызметке келі­сім-шарт бойын­ша қабылдаудың ар­тып отырғанды­ғынан. Бүгінгі күнге дейін Қарулы Күш­тер қатарындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің үлес саны – 28 пайыз болса, келісім шарт бой­ынша – 66 пайызды құрайды. Талдау көрсетіп отырғандай әскери қызметке негізінен 18 бен 23 жас аралығын­дағы азаматтар шақырылады. Қалған­дары заңды негізде Үкімет қаулы­сымен бекітілген құжатқа сай ден­саулығына, оқуына, отбасы жағдайы­на, мамандығына байланысты мерзімін ұзартып әскери есепте тұрғандар. Еліміздегі жоғары оқу орын­дарын­да 22 әскери кафедра жұмыс істейді. Оның 4 кафедрасы Астана қа­ласында, 7-уі Алматыда, қалғандары Қарағанды мен Шымкент, Ақтөбе, Қы­зылорда, Петропавл, Семей, Тараз, Орал және Өскемен қалаларында. Шақырылушыларды әскери курс­та дайындау жөнінде мемлекеттік тапсырыс жыл сайын 2600 адамды құрайды. «ҚР ҚМ әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының 15 фи­лиалы бір жылда Алматы, Шымкент, Түркістан және Өскемен қалаларын­да – 1800 адамды, Атырауда – 800 және басқа филиалдарында 1200 адам­ды дайындау мүмкіндігі бар. Сондықтан филиалдардың базасында жылына әскерге шақырылатын жас­тағы армияда болмаған 20 000 аза­матты жалпы әскери мамандықтар бой­ынша әзірлеу ұсынылады. Оқу бағдарламасында мылтық ату жат­ты­ғуларын орындау, әскери мамандық дәрежесін белгілеу және сертификаттар беру жоспарланған. Оқыту ақылы негізде жүргізіледі. Түрлі себептермен әскер қатарына ілікпей, сарбаз атануды сарғая күт­кендер үшін өткен 2010 жылдан бастап үлкен мүмкіндік жасалды. Әскерде ешқашан қызмет етпеген қазақстандық азаматтар өздеріне арналған бір айлық жас жауынгер курсында заманауи қару-жарақ пен әскери техниканы меңгеріп, денсаулықтарын түзетіп қайтты. Олар үшін елімізде 9 оқу орталығы есігін айқара ашты. Әскери бөлімдерде 1200 әскери міндеттілер әскери білімі мен дайындық деңгейін көтеріп қайтты. Сондай орталықтың бірі өткен жылы Қарағанды облысындағы Спасск кентінде салтанатты жағдайда жалауын көтерді. Мұнда армияда болмаған 400 азамат әскери мамандық алып шықты. Үкіметтің 2011 жылғы 24 ақпандағы «Әскери міндеттілерді әскери жиынға шақыру туралы» қаулысын орындау барысында әскери жиынға тартылған әскери міндеттілердің жалпы саны 2011 жылы 3594 адамға жетті, оның 1 мыңы 27 мен 35 жас аралығындағы әскерде болмаған азаматтар. Жалпы, биылғы жылы әскери жиынға запастағы 334 офицер мен 3260 сержант пен солдатты тарту жоспарланып отыр. Әскери жиын аяқталысымен әскери міндеттілер әскери бөлімдерге тіркеледі. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, жұмылдыру резерві өңірлік принципте жүзеге асырылмақ. Осыған байланысты әскери оқытылған резервті даярлау жүйесін келешекте жетілдіре түсу үшін 2011 жылы әскерде қызмет ет­пеген 27-35 жас аралығындағы аза­маттарды әскери өмірге үйрету мақ­са­тында «Оңтүстік» (Тараз), «Шығыс» (Семей), «Батыс» (Ақтау) өңірлік қол­бас­шылықтарында оқу орталықтары құрылды. Тараз қаласындағы 85395 әскери бөлімінің оқу орталығында (1 мау­сым­нан қыркүйек айына дейін) – 200; Семей қаласындағы 21098 әскери бөлімінің оқу орталығы базасында (1 шілде мен қыркүйек айына дейін) – 150, Ақтау қаласындағы оқу орта­лы­ғы базасында (1 тамыз бен қазан ай­ына дейін) – 150 әскери міндетті әске­ри білім нәріне сусындап Құрлық әс­керлерінің бөлімшелеріне қажетті ат­қыш, пулеметші, гранатометші ма­ман­дықтарын алып шығады. Ант қа­был­дап, серт берген нағыз сарбаз атанады. Спасск кентіндегі оқу орталығын­да (биылғы жылдың наурыз айынан) – 500, оның 100 офицері наурызда бітірді; Болашақта әр жыл сайын оқу орталықтарының базаларында ең кем дегенде әскерде болмаған 1000 әскери міндеттіні әзірлеу жоспарланып отыр. Енді әскери жиынның не екендігін, оның қандай мақсатта жүргізіле­тіндігін және талаптарын сөз етелік. Әскери жиындар деп Қарулы Күш­терде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда жауынгерлiк және жұ­мылдыру даярлығын арттыру мақса­тында оларды әскери бөлiмдерге ша­қырумен әскери қызметшiлердiң, сон­дай-ақ әскери мiндеттiлердiң әскери дайындық, әскери бiлiмiн жетiлдiру бойынша өткiзiлетiн iс-шаралар түсiнiледi. Оның негізгi мақсаты бейбiт уа­қытта қысқартылған санда ұсталына­тын әскери бөлiмдердiң жауынгерлiк және жұмылдыру даярлықтарын арт­тыру, соғыс уақытында жасақтау аудандарында жұмылдыру және жа­сақтау кезiнде Қазақстан Республика­сының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын өрiстетуге қажеттi әскери-оқытылған ресурстарды даярлау және запаста жинақтау болып табылады. Әскери мiндеттiлер әскери жиын­дарға жоспарлы жылға запастағы контингенттiң шақыру көлемiн анық­тайтын Қазақстан Республикасы Үкi­метi қаулысының негiзiнде шақыры­лады. Оны өткiзу жөнiндегi нақты мiндеттер жыл сайын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң бұйрықтарымен айқындалады. Осыдан біраз күн бұрын Қара­ғанды облысындағы Спасск оқу-жат­тығу орталығының базасында әскери жиынның бірінші және екінші кезеңі аяқталды. Алматы, Ақмола, Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстарының және Астана мен Алматы қалалары­ның Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінен шақырылған запастағы 100 офицер дайындықтан өтті. Дай­ындық қорытындысы бойынша запастағы офицерлерге 36352 әскери бөлімнің басшылығы тарапынан жағымды сипаттама берілді. Соның негізінде оларға кезекті офицерлік атақтар беру туралы жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі кезде әскери жиынның үшінші кезеңіне 1454 әскери міндеттіні тартуға дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Ал, 2012 жылдан бастап оған шақырылушылардың саны мен өткізілетін орындардың географиясын кезең-кезең бойынша кеңейту жоспарда бар. Жиын кезінде әскери өмірдің қиыншылықтарын бастан өткізіп, денесін шынықтырып, әскери шыңда­лып, тәжірибе жинақтаған резервтегілер Республикамыздың қорғаныс қа­білетінің нығаюына өздерінің лайық­ты үлестерін қосатын болады. Өз Отанын қорғау, Елбасына, халқына адал қызмет ету әрбір Қазақстан аза­ма­тының қасиетті борышы. Жүніс ОМАР, полковник. Суреттерді түсірген Ермек САРБАСОВ.