• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
03 Маусым, 2011

«Бақыт деген – сенің бала күндерің»

650 рет
көрсетілді

1 маусым – Балаларды қор­ғау­дың халықаралық күніне орай, ENRC Көмек қайырымдылық қоры Астанадағы «SOS Балалар ауы­лына» тосын сый жасады. Сый – жаңа заманғы футбол алаңы. 10 жылдан бері елордадағы «Балалар ауылының» 100-ге тарта бүлдір­шіндері спорттық кешен жайлы армандап, оның орындалатынына да сеніп келген еді. Жаздың ал­ғашқы күні олардың сол арман­дары ор­ын­далды. Қордың тікелей бастама­сы­мен футбол алаңын жасап шы­ға­ру­ға небәрі бір ай ғана уақыт кетті. Белгілі металлургиялық компа­ния­­ның «Балалар ауылдарымен» ара­дағы ынтымақтастығының ізгі дәс­түрге айналғанына да біраз жылдың жүзі болған. ENRC-нің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік стра­те­гиясында балаларға және білімге арналған жобаларға айрық­ша ба­сым­дық берілген. Мәселен, аталған қор 2007 жылдан бері Астана, Ал­маты және Теміртау қала­ла­рын­дағы 3 «балалар ауылына» қар­жы­лай қол­дау көрсетіп келеді. Ал биылғы жылғы футбол ала­ңының ашылу салтанатына және балалар арасындағы алғашқы футбол ойындарын тамашалауға «SOS Қа­зақстанның балалар ауылы» корпоративтік қорының директоры Ба­тыр­хан Жиенәлиев пен ENRC Көмек қайырымдылық қорының директоры Маран Омаров қатысты. Салтанатты шара кезінде Батыр­хан Жиенәлиев балалардың жүзіне күлкі, көңілдеріне қуаныш сыйлаған қайырымдылық корпорациясына ал­ғысын білдіре келе, «Біздің бірнеше жылдан бері үзілмей келе жатқан достық байланысымыз болашақта да өзінің жалғасын тапқанын қа­лай­мыз. Себебі, сіздердің қайырым­ды­лық шараларыңыз «балалар ауы­лын» қашан да шаттыққа бөлейді», – деп шынайы ықыласын жеткізді. «Егемен-ақпарат».