• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
11 Маусым, 2011

Маңызды мәселелерге жауап алынды

336 рет
көрсетілді

Жақында Парламент Се­на­тында Экономика және өңірлік саясат комитетінің депутаттары ко­митет төрайымы Нұрлы­ғай­ым Жолдасбаеваның жетекшілік етуімен бюджеттік бағдар­ла­малар әкімшіліктері-мемле­кет­тік органдардың басшы­ла­ры­­мен кездесті. Онда 2010 жыл­ғы республикалық бюджет­тің орындалуы туралы Үкімет пен Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің есебі тал­қыланды. Бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік активтерді басқару тетіктері, бюджет тәртібін орын­дау, қаржы мониторингін жүр­гі­зу, даму институттары қызметін одан әрі жетілдіру, инду­стрия­лық бағдарламалар жо­басын жүзеге асыру мәселелеріне бай­ланысты депутаттардың сауал­дарына Экономикалық даму және сауда, Индустрия және жаңа технологиялар, Мұнай және газ, Көлік және коммуникация, Байланыс және ақпарат министрліктерінің басшылары жауап берді. Талқыланған тақырып бой­ын­ша Бәсекелестікті қорғау, Та­биғи монополияларды реттеу, Құ­рылыс және тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылық істері және Ұлттық ғарыш агенттіктері басшыларының да есебі тың­далып, олар депутаттардың сауал­дарына жауап берді, деп хабарлады Парламент Сенаты­ның баспасөз қызметі.