• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
15 Маусым, 2011

Ақпараттар ағыны

406 рет
көрсетілді

* Петропавл. 14 мау­сым. BNews.kz: Петропавл қа­ла­сының перзент­ха­насында бір ана тұңғыш рет төрт нәрестені дүниеге әкелді. Оның бәрі қыз балалар. Қуа­ныш иесі осы облыс­тағы Бешкөл ауданының тұр­ғыны, дейді перзентхананың бас дәрігері Жанна Маутова. * Павлодар. 14 маусым. BNews.kz: Баян­ауыл аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция полковнигінің көптен бері ұры-қа­рыларға «аға­лық» қамқорлық жасап келгені анық­талды. Бұл туралы облыстық эконо­ми­калық және жем­қор­лық қылмысқа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы хабарлады. * Қызылорда. 14 маусым. BNews.kz: Қы­зыл­орда қаласында жол полицейлері қоз­ғалыс тәр­тібін бұзған «Мерседес-Бенц» ав­то­көлігін бір сағат бойы қуып, зорға тоқтатқан. Көлікті жүр­гізуші жас қыз тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетіп, құжаттарын беруден бас тартқан. * Өскемен. 14 мау­сым. BNews.kz: Шығыс Қазақ­стан облысында най­за­­ғай жар­қы­лы кезінде  екі бала­ға жасын түскен. Коростел ауылының жанын­дағы көл жағасында 15 және 9 жастардағы екі жеткіншек осылай­ша най­з­ағай отынан көз жұмды, деп хабар­ла­ды Төтенше жағ­дай­лар министрлігінің баспасөз қызметі. * Астана. 14 маусым. BNews.kz: Үстіміз­дегі жылғы қаңтар-сәуір айларындағы Қа­зақ­стан­ның сыртқы сауда айналымы 36,5 миллиард АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 45 пайызға артты, деп хабарлады республи­ка­лық Статистика агенттігі. * Қарағанды. 14 маусым. BNews.kz: Қа­лада­ғы көп қабатты тұрғын үйдің алтын­шы қабатынан үш жасар бала құлап кеткен. Ол терезеге құрған масаға қарсы тордан сыртқа қарамақ болған кезде опат болған.