• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
16 Маусым, 2011

Грант бөлетін болды

370 рет
көрсетілді

Қытай Халық Республика­сы­ның Төрағасы Ху Цзи­нь­тао­ның Қа­зақстанға ресми сапары бары­сында Қазақстан Рес­публи­ка­сы Бі­лім және ғылым министрлігі мен Қытай ұлттық мұнай-газ кор­порациясы арасындағы білім са­ласындағы ынтымақ­тас­тық тура­лы келісімге қол қою рәсімі өтті. Аталған келісім Қазақстан Рес­публикасының азамат­та­рына магистратура бағдарламасы бой­ын­­ша оқуға 25 млн. юань көле­мінде грант бөлуді қарастырады. Жыл сайын Қа­зақстан Респуб­лика­сы­ның 15 азаматы Қытай Ха­лық Рес­публикасының мұнай-газ университеттеріне 5 жыл аралы­ғында мұ­най өнер­кә­сібі (10 адам) және бас­қа да ма­мандықтар бой­ынша (5 адам) оқуға жолданатын болады. Қытай ұлттық мұнай-газ кор­по­рациясы грант иегерлерін оқу ақысынан толығымен босатып, сти­пендия төлейді және баспа­на­ға қатысты шығындарды көтереді. Қол қою рәсімі Қазақстан Рес­публикасы Білім және ғылым вице-министрі Серік Ырсалиев жә­не Қытай ұлттық мұнай-газ кор­по­ра­циясының вице-президенті Ван Дунзинь бастаған корпорация өк­іл­­дерінің қатысуымен өтті.