Кеше «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Орталық аппаратында партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулиннің Латвия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Юрис Маклаковспен кездесуі болып өтті.
Кездесу барысында Астанада өткізіліп отырған Шанхай ынтымақтастық ұйымының оныншы Саммитінің, онда талқыланған мәселелердің және қол жеткізілген келісімдердің маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, ШЫҰ-ға мүше елдердің жан-жақты ынтымақтастығын дамыту мен нығайтуға Қазақстанның және оның басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесіне де айрықша назар аударылды. Нұрлан Нығматулин ШЫҰ-ның мерейтойлық Саммитінің күн тәртібінде тұрған тақырыптардың бірі – аймақтық қауіпсіздік мәселесін шешудегі Мемлекетіміз басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше рөлін атап өтті.
Юрис Маклаковс Қазақстанның жалпыәлемдік қауіпсіздікті нығайту саласындағы саясатын жоғары бағалады.
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин партия қызметі жайлы, партия алдында оның Төрағасы, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қойған міндеттері жайлы баяндап берді.
Кездесу барысында сондай-ақ ынтымақтастықтың болашақ бағыттары сөз болып, екіжақты қарым-қатынастардың одан әрі дамуына сенімділіктері жеткізілді.