• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
17 Маусым, 2011

Мүгедек балаларға тосын сый

353 рет
көрсетілді

Жақында Тараз қаласындағы ақыл-есі кем балаларға арналған интернат үйінде жаңа спорт алаңы ашылды. Бә­рекелдісі сол, нысанды сал­ған құ­рылыс компа­ниясының бас­шысы бұл баста­маны «Мүгедек жас­тар қо­ға­мы» бел­сен­ділерінің об­лыс әкімі­нің блогы­на жазған хаты­нан алыпты. Ал үшбу хатта мүге­дек балалар үйін­де олардың денешы­нық­тыру жатты­ғуларымен ай­налы­са­тын ар­найы ала­ңы­ның жоқ­ты­ғы ай­тыл­ған екен. Қ.Бо­зымбаевтың бло­­гы­на түскен жанай­қай жүрек­терін елжіреткен компания басшы­лығы көп ұза­май ақыл-есі кем және мүмкіндігі шектеулі балаларға то­сын сый жасауды ұйғарады. Компанияның тағы бір бәре­келдісі сол, олар өз базасында тұтас резең­ке­ден тігіссіз жасалған жабу материал­дарын дайындай­ды. Әрі түр­лі-түсті реңктегі қазір­гі заманғы жабдықтар шығаратын құрылғы­ла­ры да бар екен. Ал олардың қыз­мет ету уақыты 20 жылға дейін емін-еркін жетеді. Демек, бұл ре­зеңке жа­мылғылар спорттық және балалар­дың ойын алаңы үшін тап­тыр­май­тын материал болып табы­лады. Өйт­кені, ол балалардың жа­ра­­қат­­та­нуына жол бермейді, сон­дай-ақ сыр­ға­науға да өте ыңғайлы және құ­ла­ған кездегі ауыр соққы­ларды баяулата алады. Сонымен... Блог иесі Бо­­з­ымбаев спорт алаңы ашыл­ған кү­ні жарым­жан бала­лар­дың қуа­нышын бөлісіп қана қой­май, ин­тернат үйінің жұ­мысымен де та­нысты. Балалармен бірге театрлан­ды­рылған көрі­ністі де тамашалады. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, Жамбыл облысы.