• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
17 Маусым, 2011

Беделді университет пен мектептер жаңаша аталады

358 рет
көрсетілді

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төр­аға­лығымен ел Президенті есімін иеленген білім шаңырағында Назарбаев Университеті, Зияткерлік мектептер мен Назарбаев Қоры Жоғары қамқоршылар кеңесінің бірінші отырысы өтті. Оған Премьер-Министр Кәрім Мәсімов пен Үкіметтің бірқатар мүшелері, Парламент депутаттары қатысты. Елбасы күн тәртібімен та­ныс­тырды. Басты мәселе біреу – Назарбаев Университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектептерін ұй­ым­­дастыру үлгісі өзгереді. Яғни, мұнан былайғы уақытта «На­зарбаев Университеті» АҚ пен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ деген атау «Назарбаев Уни­верситеті» Білім беру дербестік ұйымы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Білім беру дербестік ұйымы болып жаңа атаулар иеленеді. Халықаралық мәр­те­беге ие оқу орнының келешек атқарар міндетін Елбасы­ның: «Уни­верситеттің маман­дық­тарын экономиканың басым­дық­тарына байланысты ай­қын­дау керек. Уни­верситет Қазақ­стан­да дамып келе жатқан салалар үшін ең үздік инженерлерді дай­ын­­дау­ға тиісті. Мамандық­тардың бір­қа­тары генетика, биохимия, биофизика сияқты тек жаңа бағыт­тағы ғылыми кадр­лар­ды даяр­лау­ға бағытталуы керек. Бұл үшін университеттің әрбір студентінің мансап жағы­нан дамуын нақты түрде қарас­тыру керек», деп қыс­қаша тұжы­рым­даған сөзі білім ошағының алдағы бағыт-бағдарын айқын­даған қағида еді. Архитектуралық шешімі қа­зір­гі заманға сай және халық­ара­лық озық стандарттарға сәйкес келетін оқу ошағы корпус­тары­ның бір-бірімен орталық жалпы атриум және ішкі өту жолдары арқылы қосылуы білім кеше­ні­нің қайталанбас сәулет өнерін ай­шық­ты бедерлесе, биылғы жылы университеттің жалпы кө­лемі 127 мың шаршы метрге жуық бірінші кезектегі құры­лы­сы бойын­ша жұмыстар ойда­ғы­дай аяқта­лып отыр. Атриум ар­қылы қо­сыл­ған орталық ғимарат және 8 блок тапсырылған. Оған мектептер, кітапхана, асхана, зерт­хана­лар кіреді. Сонымен бірге, университет аумағында келешекте студенттер мен про­фессорлық-оқы­тушылар құ­рамы­на арналған тұрғын үйлер бой көтереді деп күтілуде. Уни­вер­си­теттің инфра­құры­лымын барын­ша дамыту мақ­сатында Kisho Kurokawa Arc­hi­tect and Asso­ci­ates халықаралық архи­тек­тура­лық компаниясымен келісім жас­алғаны елорда келбетіне ерекше тыныс әкелетін бастамалар болып табылады. Осы келісімнің аясында компания университет кампусының даму бағытының бас жоспарын әзірлегені мәлім болды. Университет кампусында студенттердің, профессор-оқытушылар мен тұр­ғындардың демалысы үшін сая­бақ­тар құрылатыны алаңның сырт­қы түрін өзгертіп қана қой­май, қаланың гүлденіп, көркеюі­не әсерін тигізеді, адамдардың се­руендеп, тынығуына мүмкін­дік туғызады деп күтілуде. Мұн­да студенттер үшін жайлы жаб­дық­талған жатақханалар, сон­дай-ақ алыс-жақын шет елдерден келіп дәріс беретін про­фес­сорлық-оқы­ту­шылар құрамы үш­ін тұрғын үйлер қарасты­рыл­ған. Оларды қа­жетті тауарлармен, қызмет­тер­мен қамтамасыз ету мақсатында дүкен, дәріхана сияқты қызмет­тер­ді қоса ал­ған­да, барлық қа­жет­ті инфра­құ­ры­лымның құры­луы, негізгі кор­пус­тың Интер­нет­тің wi-fi түрі­мен жабдықталуы өрендердің са­палы білім алып шығуына жасалған жағдайлар.

Назарбаев Университетінің қа­зіргі жағдайы мен келешегі жайында сөз сөйлеген Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев, Назарбаев Универси­те­тінің ректоры Шигео Катсу, Пар­ламент Мәжілісінің депута­ты Гүлмира Исімбаева, универ­си­теттің атқару кеңесінің төр­аға­сы Аслан Саринжипов, уни­вер­си­тет­тің провосты Энн Лондсдейл, «Назарбаев Зияткерлік мек­тебі» басқармасының төр­айы­мы Кү­ләш Шәмшидинова, Кембридж университетінің өкілі Филипп ван Овербергтің лебіздері ортақ мүд­деге тоғысып, білім оша­ғын­дағы жобалар мен жос­парлар жан-жақты саралан­ды. Назарбаев Университетінің Foundation бағдарламасы және Инженерия мектебі бойынша – Лондон, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі бойынша – Висконсин-Мэдисон, Бизнес мектебі бойынша – Дьюк университеттерімен, Мемлекеттік саясат мектебі бойынша – Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебімен, Ғылымдар және технологиялар мектебі бойынша – Карнеги-Меллон университеті­нің iCarnegie, inc. бөлімшесімен, Медицина мектебі бойынша – Гарвард университетінің еншілес ұйымы ретінде құрылған Партнерс Гарвард Медикал Интернешнлмен, Білім саясатының орталығы бойынша – Пенсильвания, Өмір туралы ғылымдар орталығы бойынша – Питтсбург университетінің медицина орта­лы­ғымен, Энергетикалық зерттеу­лер орталығы бойынша – Берклидегі Лоуренц атындағы ұлт­тық зертханамен, Халықаралық ас­паптық орталығының даму тұ­жырымдамасын әзірлеу бойын­ша Аргон Ұлттық зертханасы­мен әріптестігі мұнда келешекте тек Қазақстан жастарының ғана білім алып қоймай, алыс-жақын шет елдерден келетін азамат­тардың да қызығушылығын ту­ғызатыны күмәнсіз. Университеттің келешегі жай­ында айта келіп, Елбасының осы мәселеге айрықша тоқталып өтуі бекер емес. Профессорлық-оқы­ту­шылар құрамының өзі университет мәртебесінің ха­лық­аралық дең­гейге сай екенін айғақтай түседі. Австралиядан – 2, Ұлыбритания­дан – 31, Мы­сыр­дан – 1, Үн­діс­таннан – 3, Италиядан – 2, Қа­зақ­станнан – 2, Канададан – 2, АҚШ-тан – 7, Польшадан – 1, Филиппиннен – 1, Франциядан 1 оқы­ту­шының қамтылуы, биылғы жыл­дан Foundation бағ­дарламасының (бакалавриаттың бірінші курсы) күзден бастап Ин­женерия, Ғы­лымдар мен технологиялар, Әлеу­меттік және гуманитарлық ғылымдар мектебінде ашылады деп күтілуі осы сенімді нықтай түседі. 2012 жылы Жоғары мемлекеттік саясат мектебі, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі бойынша магистратура­ның, 2014 жылдан бастап медицина мектебінде бакалавриаттың ашылатыны, сонымен қатар, қысқа мерзімді біліктілікті арт­ты­ру курстарында мемлекеттік қыз­метшілерді даярлау және олар­дың біліктілігін арттыру бой­ынша орта бизнестің топ-менеджментіне арналған тренингтік бағдарлама­лар­дың жүзеге асырылатыны, өмір туралы ғылым, халық­ара­лық пәнаралық аспаптық, энер­ге­тикалық, білім беру саясаты ор­талықтары құрылмақ. Елбасы Жоғары қамқоршылар кеңесінің мүшелері болып Премьер-Министр К.Мәсімов, Президент Әкімшілігінің Басшысы А.Мусин, Президенттің көмекшісі Б.Сұлтанов, Назарбаев Универси­теті­нің ректоры Ш.Катсу, Білім және ғылым министрі Б.Жұ­ма­ғұ­лов енетінін мәлімдеді. Қор­дың төрағасы болып Үкімет басшысы К.Мәсімов бекітілсе, На­зарбаев Университетінің рек­то­ры орнына Ш.Катсу, атқару кеңесінің төр­ағалығына А.Саринжипов, «Зияткерлік мектептер» басқарма төр­айым­дығына К.Шәмшидинова та­ғайындалды. Директорлар ке­ңе­сін Премьер-Министр басқа­ра­ды және ол жоғары саяси мемлекеттік қыз­меткерлерден, бизнес шеңбе­ріндегі өкілдерден құра­ла­тыны, жобаның ұзақ мерзімді және стратегиялық жоспарлануы мен дамуын жүзеге асыратыны, Директорлар кеңесі атқарушы ор­ганның қызметін бақылауды қам­тамасыз ететіні, қаржылық-ша­руа­шылық орта мерзімді жос­парларды бекітетіні айтылды. Зияткерлік мектептердің мақ­сат-міндеттері нақтыланды. 2013 жылға дейін 20 зияткерлік мектеп дарынды балалардың білім ошағына айналмақ. Онда білім алған жастардың тағдыры Назарбаев Университетімен ұштасып, олардың келешекте білікті маман болып шығуына жан-жақты жағдайлар туғызылатыны атап көрсетілді. Жоғары қамқоршылар кеңесінің алғашқы отырысында қозғалған ойларды Мемлекет басшысы түйіндей келіп, білім саласына елдік тұрғыдағы көзқарас керек екенін, оған жан-жақты қолдау көрсету қажеттігін айтты. Қарашаш ТОҚСАНБАЙ. Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.