• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
18 Маусым, 2011

Өңірлік мәслихат мәресіне жетті

322 рет
көрсетілді

Ереван қаласында (Армения) ТМД, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің «Неғұрлым әлжуаз балалардың құқығын қам­тамасыз ету» тақырыбында өңірлік парламенттік кон­фе­рен­­циясы болып өтті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Аталған іс-шараға Қазақстан тарапынан Парламент Мәжілісі­нің Әлеуметтік-мәдени даму ко­митетінің мүшесі, «Нұр Отан» ХДП мүшесі, «Нұр Отан» депу­таттық фракциясы төралқасының мүшесі Майра Айсина қатысты. Парламенттік конференцияны Армения Ұлттық жиналысының төрағасы О.Абрамян ашып, жүр­гізіп отырды. Сербия, Түркі­мен­стан, Молдова, Хорватия және ТМД мен Орталық және Шығыс Еуропаның басқа елдерінің кон­фе­ренцияға қатысушы парламентшілері балалардың құқықтарын қор­ғау саласындағы парламенттік қыз­метпен байланысты мәселе­лер­дің кең ауқымын қарады. Атап айтқанда, бұлар – балалардың құ­қықтары жөніндегі халықаралық және өңірлік заңнамалар, бала­лар­дың ерте жетілуі, ерте жетілу бағдарламасын қаржыландыру, сондай-ақ, балаларды зорлық-зом­былықтан қорғау мәселелері. Конференция барысында М.Айсина қатысушыларды Қазақ­стан Парламенті мен Үкіметінің Қазақстандағы балалардың құ­қық­тарын қорғау саласындағы қыз­метімен, сондай-ақ, біздің еліміздегі бастапқы балалық шақты инвестициялау мәселелерімен та­ныстырды. Содан соң балалардың ерте жетілуі және олардың құқық­тары мен мүдделерін қорғаумен байланысты мәселелердің кең ауқымы бойынша ТМД мен Орталық және Шығыс Еуропа мем­лекеттері парламенттері өкіл­дерімен пікір алмасу болды.