• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
18 Маусым, 2011

Алматы қаласының болашағы баянды

721 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төр­аға­лы­ғымен Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық сала­ларын дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс кеңесі болып өтті. Кеңесте Мемлекет басшысы­ның тапсырмаларын орындау мақ­сатында инвестициялық ба­сым жобаларды жүзеге асыру, қа­ланың көлік және туристік ин­фра­құрылымын дамыту, тұр­ғын үй-коммуналдық саланы модернизациялау және тұрақты энерге­ти­калық жүйені қамтама­сыз ету жайы сөз болды. Сондай-ақ ғимараттар мен құрылым­дар­дың сейсмо­ло­гия­лық беріктігін бақылау, оқы­тушылар мен студенттер үшін жатақханалар салу және Алматы қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру мәселелері де жан-жақты тал­қы­ланды. Мемлекет басшысы тапсырған міндеттерді орындау барысы жөніндегі шаралар ту­ралы Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов баяндама жасады. Күн тәртібіндегі мәсе­ле­лерді талқылауға Үкімет бас­шы­сы­ның орынбасары Өмірзақ Шө­кеев және бірқатар министрлер қатысты. Кеңес қоры­тын­дысы бойынша Үкімет бас­шы­сы Білім және ғылым, Қаржы министрліктеріне және Алматы қаласының әкімдігіне нақты тапсырмалар берді, деп хабар­лады Премьер-Министрдің бас­пасөз қызметі.