• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Шілде, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №673

440 рет
көрсетілді

2011 жылғы 20 маусым                      Астана, Үкімет Үйі Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидасын бекіту туралы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2011 жылғы 1 наурыздағы 11-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидасы бекітілсін. 2. Акционерлік қоғамдар акцияларының бақылау пакеттерін, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын немесе мемлекеттік кәсіпорындарды басқаратын мемлекеттік органдар (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) ағымдағы жылы өндірістік- шаруашылық қызметті бекітілген 2011 жылға арналған қаржы-шаруашылық қызметі жоспарының негізінде жүзеге асырсын. 3. Мемлекеттік органдар заңнамада белгіленген тәртіппен 2012 жылдан бастап мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторга мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақы­лайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын әзірлеуді және оларды мемлекеттік мүлік тізіліміне қосу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі            К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2011жылғы 20 маусымдағы  №673 қаулысымен  бекітілген Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Осы Қағида «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 7) тармақшасына және 185-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларды қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың (бұдан әрі – АҚ), жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (бұдан әрі – ЖШС) және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын (бұдан әрі – даму жоспары) әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) ұйымдар - мемлекет бақылайтын АҚ және ЖШС, мемлекеттік кәсіпорындар; 2) бірыңғай оператор – мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру мен есепке алу саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер жүктелген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған заңды тұлға; 3) атқарушы орган – атауы ұйымның жарғысымен айқындалатын, атқарушы органның функциясын жеке-дара жүзеге асыратын алқалы орган немесе тұлға; 4) тиісті саланың уәкілетті органы – мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) мемлекеттік басшылықты жүзеге асыратын және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган; 5) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және аста­на­ның), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган; 6) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар - акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін, мемлекеттік занды тұлғалар құқығының субъектілерін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыруға, оның ішінде шешімдер қабылдауға өкілеттіктер берілген басқармалар (бөлімдер); 7) электронды есеп - ұйым бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланып дайындаған және ұйымның куәландырушы ұлттық орталық берген электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылатын даму жоспары. 2. Даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібі 3. Даму жоспары бес жылға жасалады және Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында және мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында, аумақтарды дамыту бағдарламасында баяндалған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі тұрғысынан тиісті саланың уәкілетті органымен немесе жергілікті атқарушы органмен (жергілікті бюджеттен қаржыланды­рылатын атқарушы органмен) келісіледі. 4. Ұйымның даму жоспары мақсаттарды, міндеттерді, нәтижелер көрсеткіштерін және инвес­тицияларды қоса алғанда, қаржы-шаруашылық қызметтің негізгі біріктірілген және біріктірілмеген көрсет­кіштерін, кірістерді, шығыстарды, қарыздарды, дивидендтерді (таза кірістің бюджетке ауда­рылатын бөлігі), қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкі­лет­ті орган мемлекетік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп айқындаған даму жоспары бөлімдерінің құрылымына, көрсеткіштердің нысандарына, тізбесіне және олардың құрамын қоса алганда, нысандарды толтыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес көзделетін басқа да мәліметтерді қамтиды. Даму жоспарын әзірлеу жөніндегі әдіснамалық қамтамасыз етуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. 5. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың бірінші қыркүйегіне дейін мыналарды әзірлейді және ұйымға жеткізеді: 1) мемлекеттік органның өзінің стратегиялық жоспарында (аумақтарды дамыту жоспарында) көрсетілген, жиынтығында стратегиялық бағыттар мен мақсаттарға қол жеткізуге әкелетін ұйым қызметінің нақты, өлшенетін бағдарлары (оқиғалар, жағдайлар). Мемлекеттік органның өзінің стратегиялық жоспарында (аумақтарды дамыту жоспарында) көрсетілген стратегиялық бағыттар мен мақсаттарды орындау жөніндегі ұйым қызметін сипаттайтын бағдарлар (оқиғалар, жағдайлар) мен қызметтің түйінді көрсеткіштерін ұйым даму жоспарын әзірлеген кезде ескеруі тиіс; 2) мемлекеттік органның өзінің стратегиялық жоспарында (аумақтарды дамыту жоспарында) көрсетілген, стратегиялық бағыттар мен мақсаттарды орындау жөніндегі ұйым қызметін сипаттайтын, сандық жағынан бағалауға болатын өлшемді түйінді көрсеткіштер. Түйінді көрсеткіштер тікелей нәтижелерді (белгілі бір көлемдегі және сападағы ұсынылған өнімді (жұмыстарды, қызметтерді), содай-ақ түпкілікті нәтижелерді (оларды алушылар үшін ұсынылған өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) тиімділігі) көрсетуге тиіс. 6. Тиісті жоспарланатын кезеңге арналған даму жоспарының жобасын әзірлеуді бірыңғай оператор әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланып, атқарушы орган жүзеге асырады. Бұл ретте жоспарланатын бірінші жылдың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері толық жазылып (таратылып), жоспарланатын келесі жылдары жиынтықталып (жинақталып), жылдарға бөлініп көрсетіледі. 7. Атқарушы орган жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың бірінші қазанына дейін тиісті саланың уәкілетті органына немесе жергілікті атқарушы органга (жергілікті бюджеттен қаржы­ландырылатын атқарушы органға) даму жоспарының жобасын қарауға және келісуге жібереді. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу қүқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда атқарушы орган даму жоспарының жобасын тиісті саланың уәкілетті органына немесе жергілікті атқарушы органға (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) келісуге енгізбестен бұрын жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың бірінші қыркүйегіне дейін оны алдын ала байқау кеңесімен келіседі. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) даму жоспарының жобасын ол келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды. Ескертулер болған жағдайда, атқарушы орган он жұмыс күні ішінде даму жоспарының жобасын пысықтап, оны қайтадан тиісті саланың уәкілетті органына немесе жергілікті атқарушы органға (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) келісуге ұсынады. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган) пысықталған даму жоспарының жобасын он жұмыс күні ішінде қарайды. 8. Атқарушы орган жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың он бесінші қарашасына дейін келісілген даму жоспарының жобасын акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесінің) қарауына енгізеді. Акционерлік қоғамның директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесі) даму жоспарының жобасын ол келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды. Ескертулер болған жағдайда, атқарушы орган он күнтізбелік күн ішінде даму жоспарының жобасын пысықтайды және оны қайтадан акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқаушы кеңесінің) қарауына ұсынады. Акционерлік қоғамның директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесі) пысықталған даму жоспарының жобасын он күнтізбелік күн ішінде қарайды. 9. Даму жоспарының жобасын акционерлік қогамның директорлар кеңесі, жауапкершілігі шектеулі серіктестің байқау кеңесі, мемлекеттік кәсіпорындар бойынша – тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың жиырма бесінші желтоқсанына дейін бекітеді. 10. Ұйым даму жоспары бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде электронды есепке акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесінің, тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның (жергілікті бюджеттен қар­жыландырылатын атқарушы органның) оны бекіткені туралы сканерленген шешімін қоса тіркеп, элек­тронды есепті мемлекеттік мүлік тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) қосу үшін бірыңғай операторға жібереді. 11. Бірыңгай оператор ұйымның электронды есебі түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның электронды мекенжайына электронды есептің Тізіліміне енгізгені туралы немесе оны қабыл­даудан бас тарту себептері туралы хабарлама жібереді. Ұйымның осы Қағидада көрсетілген талаптар­ды бұзуы бірыңғай оператордың электронды есепті қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Бірыңғай оператор электронды есепті қабылдаудан бас тартқан жағдайда, ұйым ескертулерді жояды және электронды есепті қабылдаудан бас тарту туралы ескерту алған күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде электронды есепті бірыңғай операторға қайтадан енгізеді. 12. Даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ағымдағы жылдың аяқталуына дейін кемінде отыз күнтізбелік күн қалғанда, бір жылда бір реттен асырмай мынадай тәртіппен рұқсат етіледі: 1) екінші жыл: бірінші жылдың бағалануы, екінші жыл толық жазылып, келесі жылдар жиын­тықталып (жинақталып), енгізілетін түзетулерді көрсете отырып, жылдар бойынша бөлінген түрде; 2) үшінші жыл: бірінші-екінші жылдардың бағалануы, үшінші жыл толық жазылып, келесі жылдар жиынтықталып (жинақталып), енгізілетін түзетулерді көрсете отырып, жылдар бойынша бөлінген түрде; 3) төртінші жыл: бірінші-үшінші жылдардың бағалануы, төртінші жыл толық жазылған, келесі жылдар жиынтықталып (жинақталып), енгізілетін түзетулерді көрсете отырып, жылдар бойынша бөлінген түрде; 4) бесінші жыл: бірінші-төртінші жылдардың бағалануы, бесінші жыл толық жазылады. Даму жоспарының басқа көрсеткіштерін өзгертуге жол берілмейді. Атқарушы органға жоспарлы көрсеткіштердің бекітілген сомаларының он пайызынан аспайтындай шекте даму жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды жылына екі рет дербес енгізуге жол беріледі. 13. Мынадай жағдайлармен байланысты даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына Жолдауымен, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілетін өзгерістермен, сондай-ақ ұйымның қызметіне маңызды әсері бар ішкі және сыртқы ортаның өзгеруімен; 2) ұйым қызметінің негізгі бағытының өзгеруімен. 14. Атқарушы орган акционерлік қоғамның директорлар кеңесіне, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің байқаушы кеңесіне, тиісті саланың уәкілетті органына немесе жергілікті атқарушы органға (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) тиісті негіздемелерімен түзетілген даму жоспарының жобасын қарауға ұсынады. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органы даму жоспарының түзетілген жобасын оны тиісті саланың уәкілетті органымен немесе жергілікті атқарушы органымен (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) келісуге енгізгенге дейін алдын ала байқау кеңесімен келіседі. Акционерлік қоғамның директорлар кеңесі, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің байқаушы кеңесі, тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) түзетілген даму жоспарының жобасын тиісті негіздемелерімен қоса келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды. Ескертулер болған жағдайда атқарушы орган бес жұмыс күні ішінде түзетілген даму жоспарының жобасын пысықтайды және акционерлік қоғамның директорлар кеңесіне, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің байқаушы кеңесіне, тиісті саланың уәкілетті органына немесе жергілікті атқарушы органға (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) қайтадан ұсынады. Акционерлік қоғамның директорлар кеңесі, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің байқаушы кеңесі, тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) пысықталған даму жоспарын он күн ішінде қарайды. 15. Атқарушы орган даму жоспарына түзетулер енгізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде электронды есепті осы Қағиданың 10 және 11-тармақтарына сәйкес Тізілімге енгізу үшін бірыңғай операторға беруді қамтамасыз етеді. 3. Даму жоспарының мониторингі және іске асырылуын бағалау 16. Даму жоспарының іске асырылуына мониторингіні тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының (аумақтарды дамыту бағдарламасының) көрсеткіштерін орындау туралы ақпаратты талдау және қорыту және қаржы-шаруашылық қызмет көрсеткіштерін орындау мақсатында жүзеге асырады. 17. Мониторинг мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган және бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен, даму жоспарының іске асырылу мониторингін жүргізу үшін есепті ақпаратты ұсыну форматын қамтитын Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігінің мониторингі және бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырылады. 18. Мемлекет бақылайтын АҚ мен ЖШС даму жоспарының іске асырылуын бағалауды аудиттелген қаржылық есепті бекіткеннен кейін, олардың директорлар кеңесі, байқау кеңесі, мемлекеттік кәсіпорындардікін - тиісті саласының уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) жүзеге асырады. 19. Ұйымның даму жоспарының жүзеге асырылуын бағалау тізбесінің көрсеткіштері: 1) ұйымның даму жоспарының орындалуын елдің бағдарламалық және стратегиялық құжаттарының орындалуына сәйкестігіне; 2) ұйым қызметінің қаржы көрсеткіштерінің орындалуын; 3) инвестициялық (инновациялық) жобалардың іске асырылуын; 4) корпоративтік басқаруды; 5) басқа да мақсаттардың, міндеттердің орындалуы және ұйымның бекітілген даму жоспарында көрсетілген қызметтердің болжамды түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалауды қамтиды. 20. Даму жоспарын іске асыруды бағалау нәтижелерін атқарушы орган бірыңғай операторға даму жоспарының іске асырылуын бағалау бекітілгеннен кейін бес күн ішінде акционерлік қоғамның директорлар кеңесі, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесі, тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) шешімінің сканерленген көшірмесімен қоса ұсынады.