• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
08 Шілде, 2011

Экспорттаушы кәсіпорындар

418 рет
көрсетілді

Еліміздің экономика саласында жүргізіп жатқан мемлекеттік саясатының, соның ішінде Елбасының тапсырмасына сәйкес шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде  бірқатар кәсіпорындар қазіргі күні халықаралық рыноктарға батыл қадам басып, оларға өнім өткізуде өз орындарын тауып отыр. Олардың арасында аз уақыттың ішінде елеулі тәжірибе жинақтап, осы істе үлгі көрсетіп отырғандары да баршылық. Шағын және орта кәсіпкерлік  тұрақтылықтың басты тірегі, ел ішіндегі жұмыс орындарының көзі, экономиканы жаңғыртушы факторлардың бірі болып табылады. Осы сектордағы шаруашылық субъектілерінің жаңа өнімдерді игеріп, шикізатпен емес, оларды өңдейтін өнеркәсіппен шұғылданып, халықаралық рыноктарға шығуының маңызы зор. Төменде осындай жетістікке жеткен бірқатар кәсіпорындардың тізімін беріп отырмыз. ТОЛЫҚ МӘТІН