Алматыда қоғамдық тәртіпті сақтаудың жаңа тетігі іске қосылды. Енді полиция дрондары құқық бұзушылықты тіркеп қана қоймай, нақты уақыт режимінде тұрғындарға дауыстық ескерту жасап, заң талаптарын сақтауға шақырады. Бұл – алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған заманауи қадам, деп жазады Egemen.kz.
Алматы қаласы Полиция департаменті құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесіне цифрлық технологияларды кезең-кезеңімен енгізіп келеді. Соның бірі – ұшқышсыз ұшу аппараттарын кеңінен пайдалану.
Алматы колледжінде дрондар орталығы ашылды
Цифрлық бақылау – жедел ескертуАрнайы жарық дабыл элементтерімен және дауыс зорайтқыш құрылғылармен жабдықталған дрондар қоғамдық кеңістіктерді, жаяу жүргіншілер аймақтарын, аулаларды және адам көп шоғырланатын орындарды патрульдейді. Қоқыс тастау, қоғамдық орында түкіру, ұсақ бұзақылық жасау, жолды белгіленбеген жерден кесіп өту секілді әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған сәтте азаматтарға бірден дауыстық ескерту жасалады.
Дрондар полицейлерге көмекке келді
Басты міндет – алдын алуПолиция мәліметінше, жаңа тәсілдің түпкі мақсаты – жазалау емес, тәртіп бұзудың алдын алу.
Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаевтың айтуынша, дрондар құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етуге және азаматтарға тәртіп ережелерін сол мезетте еске салуға мүмкіндік береді.
«Біздің міндетіміз – құқық бұзушылықтарды тіркеу ғана емес, ең алдымен олардың алдын алу. Дауыс зорайтқышпен жабдықталған дрондар қоғамдық тәртіп мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін заманауи профилактикалық құрал», деді ол.
Ұшқышсыз аппараттарды пайдалану қолжетімділігі шектеулі аумақтарды да бақылауға мүмкіндік береді. Қосымша нарядтар санын арттырмай-ақ, қоғамдық орындардағы бақылау күшейтіледі. Бұл – ресурсты тиімді пайдаланып, қауіпсіздікті арттырудың бір жолы.
Полиция өкілдері жобаның басты мақсаты – қоғамдық орындарда әкімшілік құқық бұзушылықтар санын азайту, қоршаған ортаға және өзгеге құрметпен қарау мәдениетін орнықтыру екенін атап өтті.
Қала аспанында қалықтаған дрондар енді тек бақылаушы емес, тәртіпке шақыратын үнге айналды.
Көлік апатын азайтатын дрондар