• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Шілде, 2011

Халық қамын ойлайтын депутат сайланса...

721 рет
көрсетілді

Кеңес дәуіріндегі «Депутат – халық қызметшісі» деген сөзге құлағымыз үйреніп қалған, депутат көрсек мұң-мұқтажымызды айтқымыз келіп тұрады. Сол кезде депутат бір округпен сай­ла­на­тын да мезгілі біткенше сол сай­лаушыларының алдында есеп беріп тұратын. Белгілі бір тап­сыр­маларды орындауға ты­рыса­тын. Қазір ондайды сирек бай­қаймын. Әрине, бәріне күйе жа­ғудан ау­лақ­пын. Парламент де­пу­татта­ры­ның белсенділігін бұ­қа­ралық ақ­па­рат құралдары ар­қылы білеміз. Кейде соған қарап баға береміз. Мүмкін, ол да дұрыс емес шығар. Сайлау алдындағы кездесулерде көпшілігінде жақсылық­тар­ды үйіп төгеді. Сайланып ал­ған соң ат ізін салмайтын депутаттар бар. Өз  жағдайын күйт­теп кететіндер қаншама. Өткен­де бір депутат теледидардан: «Депутат зейнетке шыққан соң аз зейнетақыға қалай өмір сү­ре­ді», – дейді. Мен ол кісіге сұрақ қояр едім: «Біз қалай өмір сүріп жатырмыз?» – деп. Тамыз айында өтетін Сенат сайлауына дайындық басталып, депутаттыққа кандидаттар ұсы­ны­луда. Біз білеміз, оларды мәс­лихат депутаттары сайлайды. Ал мәслихат депутаттарын халық са­й­лады. Сондықтан олар ха­лық­тың өкілдері. Сол сайлауға барарда мәслихат депутаттары өз сайлаушыларымен кездесіп, бірнеше кандидаттың ішінен сол орынға лайығын таңдап, соған дауыс бергені дұрыс болар еді. Меніңше, ұлтына, қызметіне, пар­­тиялылығы мен жасына, т.б. жақ­тарына үлкен мән бермей, қолы­нан іс келетін, білімді, халықтың қамын шын жүрегімен ойлайтын, адал, азаматтығы мол адамды сайлауға ұмтылған жөн болар еді. Депутаттық корпус мықты бол­са, жақсы заңдар қабыл­да­нып, халыққа қызмет етері сөз­сіз. Мәслихат депутаттары осы жағы­на назар аударса екен деймін. Еркін ДӘУЕШҰЛЫ, зейнеткер. Астана.