• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Шілде, 2011

Астана күні атап өтілді

369 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары Астана қала­сының мерекесін есте қаларлықтай атап өтті. Бұл күні мереке орталық «Восток» стадионында қала тұрғындарының қаты­суымен мәнді де сәнді ұйымдастырылды. Оңтүстік Кореяның бауырлас қаласы Канныгадан жасөспірім барабаншылар келіп, өз өнерлерін ортаға салды. Өнерпаз ұжымдар мен мектеп ұжымдары қаланың көрікті жерлерінде Астана қаласы туралы танымдық концерт қойды. Биыл өңір басшысы Б. Са­парбаевтың шешімімен Астанаға қарай бағыт алатын жолдар күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Атап айтқанда, Семей мен Павлодар қалалары арасындағы 20 шақырым жол жөндеуден өтсе, Павлодардан Астанаға дейінгі 60 шақырымы да жөнделіп жатыр. Сондай-ақ Кенді Алтайдың ірі өнеркәсіп орындары Астана құ­ры­лысына қажет құрылыс мате­риалдарын және темір-бетон конструкцияларын тапсырыс бо­йынша шығаруды жүзеге асыруда. Кенді Алтайдың қалалары мен аудандары да Астана қаласы күніне жан-жақты әзірленді. Мә­селен, Зайсан ауданының әкімі Серік Зайнулдиннің бастамасы­мен аудан орталығында өңірде бірінші болып еңселі «Бәйтерек» бой көтерді. Орталық алаңда балалар демалатын орын, гүл­зарлар, түнде жанатын жарық орнатыл­ды. Сайқан тауының ең биік төбесінде «Қазақстан» деген ай­шық­ты жазу түнде де жарқырап көрініп тұрады. Ая­гөз, Үржар, Тарбағатай, басқа аудан тұр­ғындары да Астана күні мерекесіне еңбек тарту­лары­мен келді. Оңдасын ЕЛУБАЙ. Шығыс Қазақстан облысы.