Жуырда облыс әкімі Бердібек Сапарбаев 12 мәдениет және өнер ұжымдарына «Газель» және «ПАЗ» автобустарының кілтін салтанатты жағдайда тапсырды. Оның ішінде Семейден мұндай құрметке осындағы тарихи-өлкетану мұражайы, филармония мен театр ұжымдары да ие болды.
Бұл бізге ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында мерекелік тарту болды десе де жарасып тұр. Енді соның арқасында шалғайдағы ауылдарға өнер сапарымен жиі шығуға мүмкіндік туып отыр. Сондықтан облыс басшылығына шын жүректен алғыс айтамыз, дейді аталмыш мекеме басшылары.
Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ.
Семей.