• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Шілде, 2011

Айыппұлды кезексіз төлеу

483 рет
көрсетілді

Бүгінде еліміздің төрт қаласын­да (Астана, Алматы, Қарағанды жә­не Петропавл) «Ұлттық ақпа­раттық тех­нологиялар» АҚ, Байланыс және ақ­парат министрлігі және «Зерде» ұлт­тық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ Ішкі істер министрлігінің қол­дауымен автокөлік иелеріне айып­­­пұлды кезексіз төлеуді үйрету ак­ция­сын өткізуде. Акция бары­сын­да ІІМ Жол полициясы басқар­ма­сының тіркеу-емтихан бөлімдеріне келген авто­көлік иелері ЖҚЕ бұз­ға­ны үшін са­лын­ған айыппұлды Ин­тернет арқы­лы төлеу мүмкіндіктері туралы ақпа­рат алып, «Электронды үкімет» пор­талы­ның көмегімен айып­пұл төлеу­дің жолдарымен та­ны­сады. ЖҚЕ бұзғаны үшін жол по­лициясы қызметкерлері белгілеген айыппұлды «Электронды үкімет­тің» төлеу қызметі өткен жылдың қа­раша айынан бастап еліміздің бар­лық ай­мағының тұрғындары үшін қол­же­тім­діге айналды. Бүгінгі күні төлемнің түрі бо­йын­ша www.egov.kz порталы арқы­лы бюджетке 1 250 000 астам теңге түсті. Айыппұлды «онлайн» тәрті­бін­д­е төлеу үшін жүргізуші куә­лі­гі не болмаса әкімшілік бұзу­шы­лық ту­ралы хаттама мәліметтерін (бланк сериясы, нөмірі, ЖҚЕ бұз­ған күні) www.egov.kz порталын­да­ғы арнайы жолақта көрсету қажет. Айыппұлды Visa немесе Maste­rcard төлем карточкаларының кө­­ме­­гі­­мен төлеуге болады. Электрон­ды төлемнің тиімділігі, бірінші кезекте, айыппұлдың өтелгені туралы ақпа­рат бірден ІІМ Жол қозғалысы ережесін бұзу туралы орталық­тан­ды­рыл­ған деректер қорына келіп түсе­ді. Осыдан кейін айыппұл өтелген болып есептеледі. Айыппұлды өтегеннен кейін қолданушыға электронды чек беріледі. Ол қолданушының «Элек­трон­­ды үкімет» порталындағы жеке кабинетінде сақталады. Қажет болған жағдайда не болмаса бұрын алып қойған жүргізуші куәлігін қайтарып алу үшін оны ба­сып шығарып, ішкі істер орган­дары­ның жол полициясы бөліміне көр­сетіледі. Енді таяу арада бейнебақылау жү­йелерінде тіркелген ЖҚЕ бұз­ғаны үшін әкімшілік айыппұл­дар­ды «Элек­­трон­ды үкімет» пор­т­а­лында «он­лайн» төлеу қызметі ұсынылады, деп хабар­лады БАМ баспасөз қызметі.