• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
20 Шілде, 2011

Іске қосылды!

378 рет
көрсетілді

Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченконың қатысуы­мен ашылған заманалық екі бірдей жаңа кәсіпорын ел игілігіне қызмет ете бастады. Көкшетау қаласындағы «ASAD company» ЖШС-нің қағаз сүлгілері мен гигиеналық бұйымдар зауытына жұртшылық айрықша көңіл ауда­рып отыр. Мәселе оның Қазақ­станның солтүстігіндегі тұңғыш өндіріс ошағы болуында ғана емес, астаналық облыстың кез кел­ген индустриялық-инновация­лық жобаны қолға алудағы қа­рым-қуатының артқандығында екендігін атап көрсеткіміз келеді. Толық компьютерлік жүйедегі желінің тетігі іске қосылысымен әдемі орамдағы бұйымдар әп-сәт­те мың даналық тақташаны тол­тырып тастады. «Шетелдік озық қондырғылар мен технологияның қайтарымы (жалпы инвестиция 67,1 млн. теңге) молынан бола­тын­дығы қазірдің өзінде айқын­далып қалды, дейді зауыт ди­рек­торы Асқар Мулькин. Кәсіпорын жылына 5,4 миллион дана өнім шығара алады. Импорт алмас­ты­ру бағытындағы ұмтылыстары­мыз та­бысты болады деген үм­іт­теміз. Қазірдің өзінде Астана, Петропавл, Қостанай және басқа қа­ла­лардағы әріптестерімізбен ке­лісім шарт түзілді. Жаңа зауыт жоғары сапа үшін күресетіні ан­ық. Ұж­ым­дағы 30 адам бұл міндеттің үде­сінен шығатынына сенімдімін». Жыл басында, «Егеменнің» мен­шікті тілшісімен сұхбат бары­сын­да аудан әкімі Ербол Сағдиев Зерендіні донор ауданға айнал­ды­руды мақсат санайтындығын айтып қалған. Өт­кен жарты­жыл­дықта мұн­да қос бірдей ірі қа­раны бор­да­қылау алаңы, құс фаб­рикасы, кластерлік сипат­та­ғы сүт өндірісі кәсіп­орны, көп сала­лы егіншілік жүйесі қамтамасыз етіліп, оннан астам әлеуметтік ны­сан пайдалануға берілді. Бүгін аудан орталығында 335 миллион теңгеге салынған жаңар­ты­л­ған астық қа­былдау пунктінің қатар­ға қосы­луы іскер басшының сөз үдесінен шыға білетіндігін көрсетеді. Кәсіпорын басшыларының ай­туынша, бұрынғы жылдары ауы­сым ішінде небары 300 тонна дән өңделсе, қазір сағатына 200 тон­на­лық көрсеткішке қол жеткізуге мүмкіндік туған. Олар мұны Ка­наданың әлемге әйгілі «Твистер» фирмасының қуатты 10 қон­дыр­ғы­сының орнатылуымен бай­ла­ныс­тырады. «Зеренді ХПП» ЖШС сонымен қатар, бір мезетте 14600 тонна астықты сақтай алады. Салтанат үстінде өңір басшы­сы С.Дьяченко тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы мерекесіне орайлас­тырылған шаралардың ауқымын­да Жарқайың ауданында туберкулезге шалдыққандарды меди­ци­налық-әлеуметтік оңалту орта­лы­ғы, Сандықтау ауданының Лесное ауылында мектеп жасына дейінгі балалардың шағын орта­лығы ашылатындығын хабар­ла­ды. Ал 11 шілде күні жұртшы­лық Көкшетаудағы «RAMADAN­PO» жауапкершілігі шектеулі се­рік­тестігінің жаңа ұн кешенінің іске қосылуына құтты болсын айтпақ. Жалпы, астаналық облыс Ел­ба­сы Н. Назарбаевтың жоспар­лан­ған барлық тапсырмаларын та­бысты орындап отырғанын атап өту керек. Мәселен, өткен жылы үдемелі индустриялық-ин­но­ва­ция­лық даму бағдарлама­сы­ның шең­бе­рінде 15 жоба іске асырылып, барлық кәсіпорындар тоқтаусыз жұмыс істеп жатса, биыл «Ин­дус­трияландыру карта­сы» бойынша 16 кәсіпорын бой тіктейді. Соның ішінде, алғашқы жартыжылдыққа жоспарланған 5 кәсіпорын ел игілігіне қызмет етуде. Облыстың таза аграрлық бағыттан аграрлық-индус­трия­лық әлеуеті жоғары­ла­ға­нын осыдан да бағамдауға болады. Бақберген АМАЛБЕК, Ақмола облысы.