• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
22 Шілде, 2011

Алғыс айтамыз

411 рет
көрсетілді

Жарыққа шық­қа­нына бір жыл ғана  болған «Ха­лық сөзі» газеті жан-жақты қол­дауға лайықты басылым екенін бай­қатты. Көпшіліктің жүрегіндегі сөз ел мүддесі үшін екпінмен ғана айтылып қана қоймай, осы мұ­ратты өзіне жүк етіп арқалаған жас басылым күні кеше Ал­маты қа­ласындағы «Қазақкон­церт» за­лын­да өткен «Халық әндері» атты өнер мерекесін өткізді. Бұл әншілер­дің күнде өткізетін думанды кеш­терінің бірі емес, пәрмені күшті, нағыз қайы­рымдылық шарасы бол­ды. Бұл күні мүмкіндігі шектеулі жандар мен көп балалы аналар тегін концерт тамашалады. Концерттің арасында ойнатыл­ған лоторея ойыны да жиналған­дарды бір серпілтіп тастады. Әртүрлі сый-сияпат, ұтысқа ие болғандардың қуанышында шек болмады. Бұл ұтыс пен сыйлықтар бізге материалдық көмек қана емес, моральдық қолдау болғанын да айтып жеткізе алмаспыз. Бізді қатты тебіренткен де, қуантқан да ұйым­дастырушылардың «Халық сөзі» газетіне бір жылға тегін жаз­дыруы болды. Мұндай қайырым­ды­лық концерті қазақ газеттері ара­сында бұрын-соңды бол­маған еді. Халық сөзін сөйлеуді өздеріне аманат етіп ал­ған журналис­тер­дің бұл игілікті ісі барша басы­лымдарға үлгі болса дейміз. Иә, «Ха­лық сөзі» газетіне алғысымыз шексіз. Бұл ғибратты іс жалғасын тауып жатса, тіпті тамаша болар еді. Әлеу­меттік жағынан аз қам­тыл­ған және мүм­кіндігі шектеулі азамат­тардың қоғам­ның толыққан­ды бір мүшесі екенін еске салып, «Халық сөзі» газеті үлкендердің ақ батасын, көп­шіліктің алғысын ар­қалады. Рахмет сіздерге «Халық сөзінің» жана­шырлары! А.АМАНБАЕВ, Алматы қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы; Л.ҚАЛТАЕВА, «Шырақ» мүгедек әйелдер ассоциациясы қоғамдық бірлес­тігінің төрайымы; А.АХТАНОВА, «АРДИ» мүгедек балалар ата-аналары ассоциациясының төрайымы; С.СМАҒҰЛОВА, «Алматы қаласы «Алатау» мүгедек қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.