• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
23 Шілде, 2011

Түбі тесік кемеден тышқан да қашады

445 рет
көрсетілді

Бірі қосылып, бірі ажырап жат­қан саяси ұйымдардың тірлігіне қазір ешкім таңданбайды. Ол да қалыпты құбылысқа ай­нал­ды. Әсіресе, саяси бәсекенің желі тұ­ра бастағанда әншейінде бұй­ығы өмір сүретін біздің ұй­ым­дар аса бір белсенділік та­нытады. Білегін сыбанып, белін шешіп шыға келеді. Соңғы кездері мұндай белсенділік Қазақ­стан­ның Коммунистік партиясы мен тіркелмеген «Ал­ға» партия­ларының тарапы­нан байқалады. Екеуі бірігіп «Ха­лық майданы» дейтін ұйым құ­рып жатыр ма, бірдеңесі бар. Ұйым құрмасын дейтін ешкім жоқ. Дегенмен, оны өз ара­сында келісіп, мүшелерімен ке­ңе­сіп құру керек емес пе? Екі адам кездесіп, бір ұйым құруға бола ма? Осы «Халық май­да­ны­на» күмән­мен қарайтындар көп. Өзге түгілі, өз мүшелері де на­ра­зы. Нара­зы­лығы сол, тіпті, қай­бір мүшелері партияны тастап шығып жатыр. Ашық қарсылық­тарын білдіріп, мәлімдеме жасауда. Сондай жағ­дай Қызылорда облысының Жа­лағаш ауданында болды. Қазақстан Коммунистік пар­тиясының идеясына сенген, өз еріктерімен ұйымға мүшелікке енген, саяси бәсеке кезінде белсенді болған 25 адам аталған партияның мүшелігінен шықты. Себеп – Қа­зақстан Коммунистік партиясы­ның тіркелмеген ұйым­мен тізе қосуы. Тіркелмеген пар­тияның ар­тында кімдердің тұр­ғанын ел біледі. Бір кездері ел ішіне ылаң са­лып, мемлекет қар­жысын оңды-солды шашып, ба­сына күн туған­да шет ел асып кеткен байшыкеш-қылмыскер­лер­дің енді елдің саяси ісіне аралас­пақ ниеті барын партия қата­ры­нан шыққан мүшелер қапысыз сезеді. Сондықтан ондай арам ақ­ша­мен құрылатын ұйымға мүше болуға, солардың саясатын жүр­гі­зуге үзілді-кесілді қарсылық та­ны­тып отыр. Олар арнайы мә­лім­деме жасады. «Халықтың пайдасына қан­­­дай да бір шаралар ұйымдас­тыр­май, таратылатын үнпарақ деректерінде жала жабудан басқа ештеңе жоқ, қалыптасқан әлеу­мет­тік мә­се­лелерді шешуге нақ­ты ұсыныс­тар белгілемейтін «Алға» саяси құрылымының бағ­дар­ламалық құн­­дылықтарын сақтап келген, ха­лық­тың мүд­де­лері мен құқы­ғын қор­ғау бағы­тын­да зор үлесін қо­сып, саяси аренада өз орнын қа­лыптас­тыр­ған Қазақстанның Коммунистік партиясымен бірлескен шаралар ұйымдастыру жоспарына біз қар­сылығымызды білдіре оты­рып, наразылық белгісі ретінде өзіміз­дің Коммунистік партия қата­ры­нан шығуға еріксіз мәж­бүр болып отырмыз», – делінген мәлімдемеде. Партия қатарынан шыққан Қуа­ныш Әбдіхалықов олардың бұл бастамасын саяси ұйым қа­та­рындағы қалған әріптестерінің де қолдайтынына, ел бірлігіне іріткі салатын әрекеттерге қар­сы­лық танытатынына сенеді. Ержан БАЙТІЛЕС, Қызылорда облысы.