• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Шілде, 2011

Облысқа жаңа әкім тағайындалды

593 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Аслан Мусин жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді. Ол облыстық мәслихаттың кезектен тыс XXX сессиясына қатысып, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақтөбе облысы әкімі қызметіне Архимед Мұхамбетовті ұсынғанын жеткізді. Депутаттар Елбасы ұсынысын бірауыздан қолдады. Содан кейін Президент Әкім­шілігінің Басшысы облыстық актив жиналысына қатысты. Аслан Мусин актив жиналысына қаты­су­шылар алдында Елбасы Жар­лы­ғымен Ақтөбе облысының әкі­мі Елеусін Сағындықовтың басқа қызметке ауысуына байланысты жұмысынан босатылғанын, ал он­ың орнына Архимед Мұхам­бе­тов­­­тің тағайындалғанын мәлім­де­ді. Аслан Есболайұлы өз сөзінде Елеу­сін Сағындықовтың облысты бас­қарған жылдары өңірдің эко­но­ми­калық-әлеуметтік дамуына өзін­­дік үлес қосқанын, бірталай ша­руа­ларды тындыруға бастамашы болғанын атап өтті. Оған Елбасы атынан рахмет айтты. Бұған дейін Ақтөбе қаласын үш жыл бас­қар­ған Архимед Мұхамбетовтің ақ­тө­беліктерге жақсы таныстығын да жасырмады. Өз кезегінде сөз алған Елеусін Наурызбайұлы об­лыстың ел экономикасындағы жетекші рөл атқаратынына тоқтала келіп, көптеген көрсеткіштер бой­ынша ілгерілеуге қол жеткізілгенін тілге тиек етті. Өзі өңір тізгінін қолға алғаннан бері Елбасы тарапынан ұдайы қолдау көрсе­тілгенін, жергілікті билік те өз­деріне берілген тапсырманы абы­­роймен орындағанын жеткізді. Ақтөбеліктердің бірлігі мен ын­ты­мағы талай табысты жоба­лар­ды жүзеге асыруға алғышарт жа­са­ға­нын айта келіп, осы жыл­дар­да ын­тымақтаса жұмыс істегендері жә­не қолдап отырғандары үшін жерлестеріне ризашылығын білдірді. Жаңа тағайындалған облыс әкі­мі Архимед Мұхамбетов өзіне көрсетілген Елбасы сенімін ақ­тай­тынын, қолдау білдірген жерлестерін жерге қаратпайтынын жеткізді. Актив жиналысында сөз алған еңбек ардагерлері, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымның төрағасы Кемейдолла Төлеубай, облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Федор Чемоданов, «Бейбітшілік және келісім» кеңесі облыстық филиалы­ның төрағасы Келдібай Еспағам­бе­тов, Елеусін Сағындықовқа өңір тізгінін қолға алған кезеңде ат­қарған жұмыстары үшін алғыс сезімдерін білдірсе, жаңадан та­ғай­ындалып жатқан облыс әкімі Архимед Мұхамбетовке жаңа қыз­метінде табыс, сәттіліктер тіледі. Актив жиналысын қорытын­ды­лаған Аслан Мусин өңірдің эко­номикалық мүмкіндігі мол еке­нін айрықша атап өтті. Елеусін Сағындықов облыс әкімі болып тұрғанда біраз шаруалардың тын­дырылғанын алға тартты. Алайда, облыс экономикасының 80 пайы­зы тау-кен, мұнай өндіруге тәуел­ді болып отырғанын, егіншіліктің құрылымын өзгерту қажеттігін, ауылдық жерлерді ауыз сумен қамтамасыз етудің кенже қалға­нын, жергілікті жолдардың жөн­деу күтіп тұрғанын өзекті мәсе­лелер ретінде көтерді. Әсіресе, қылмыскерліктің кемімей отыр­ға­нын, оның ішінде ауыр қылмыс жасаушылықтың белең алғанын, дін мәселелерінде де түйткілдер бар екенін қадап айтты. Ол осы және басқа да өзекті мәселелерді шешуге жаңадан тағайындалған облыс әкімі Архимед Мұхам­бе­товтің іскерлігі мен біліктілігі, қарым-қабілеті жететініне сенім білдірді. Бұған дейін Ақтөбе қа­ла­сын үш жыл басқарған жаңа әкім­нің тәуелсіздік жылдары шың­дал­ған басшылардың жаңа толқыны­на жататынын еске салды. Содан кейін Президент Әкім­шілігінің Басшысы Аслан Мусин құқық қорғау органдары басшы­ла­рымен жиын өткізіп, бұл бағыт­тағы Елбасы тапсырмасын жеткізді, саладағы өзекті мәселелерді талқылады. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.