• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
28 Шілде, 2011

«Қобыланды батыр» дастаны поляк тілінде жарық көрді

362 рет
көрсетілді

Варшавада Қа­­зақстан елшілі­гінің бастама­сы­­мен поляк тілінде «Қобыланды ба­тыр» дастаны жарық көрді. Қазақстанның Польшадағы ел­­шісі Алексей Волков басы­лым­ға жазған алғысөзінде: «Біз қазіргіні жақсы көру үшін, өт­кенге көз жүгіртеміз. Қазақстан халқының бірлігі оның тари­хында ерекше орынға ие, бұл фактор әрқашанда ел сәтті­лі­гі­нің кепілі мен да­муы­ның қоз­ғау­шы күші болып қала бермек», – деп атап өтеді. Оның пікірінше, «халықтың ұйымшыл­дығы мен тәуелсіз Қазақстанға деген сенімі екі тарихи тұлғаны, қазіргі және өткен кезеңнің белгілі тұлғалары – Қобыланды мен Қазақстанның тұңғыш Президен­ті және Ұлт көшбасшысы Нұр­сұлтан Назарбаевты көрін­бей­тін жіппен байлап қойғандай». Бұл біздің еліміздің Польша­дағы дипломатиялық өкілдігінің Қазақстан туралы шығарып от­ыр­­ған 9-ыншы басылымы. Дип­ломаттар кітаптарды қазақ жә­не поляк тілдерінде шығару екі ел­дің тарихи және мәдени дәс­тү­р­лерінің терең байланысын, қа­зақ және поляк халықта­ры­ның шы­на­йы достық қарым-қа­ты­на­сы­ның айқын көрінісі деп баға­лайды. Қазақ халқының бай мұра­сында «Қобыланды» дастаны ерек­ше орынға ие екені белгілі. Бұл дастан жүздеген жылдар бо­йы ауызша, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, ғасырлар бойы дала тұр­ғындарының жүректе­рін тербеп келді. Шығарма қазақ хал­қы­ның өмірінің, оның ұлттық дүние­танымының өзін­дік энцик­лопе­диясы болып табылады. «Егемен-ақпарат».